Қызыл жебе

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының аяғында Қазақстаннан Колбин кетсе, орнына кім болады деген алмағайып кезең орын алды. Кеңес Одағының компартиясы тақтан әлі таймаған, Мәскеу кімді қолдаса, билік басына соның келері сөзсіз еді. Сол кезде «Мәскеу Меңдібаевты назарында ұстап отыр екен» деген әңгіме тарады. Желтоқсан көтерілісінен кейін Алматы облысының бетке шығар талай адал азаматтарын қан қақсатып, қызметтен қуып, орнынан айырған Меңдібаев бұл кезде лауазымы өсіп, Қазақстан компартиясының екінші хатшысы дәрежесіне көтерілген еді. Сол Меңдібаевтың орнынан түсіп, қызметтен біржола кетуін тездеткен ұлтымыздың адал ұлдары Мырзатай Жолдасбеков пен Шерхан Мұртаза болатын. Бұл жайлар менің сыр-сұхбатқа құрылып жазылған «Таңғаламын өмірдің ғажабына» атты романымда баяндалды.

Шерағаң! Қайран Шерағаң! Бұл күндері берісі Алтайдан Атырауға дейінгі, әрісі барлық шет елдердегі қандастарымыз өмір бойы әділдіктің алдаспаны болып, қандай қысталаң шақта да қаймықпастан халқының сөзін сөйлеп өмірден өткен, қазақ баспасөзінің қызыл жебесі Шерхан Мұртазаны аза тұтып жатқан шақта, Шерағаңның ерлігі айтылатын ықшамдалған үзіндіні ел сүйіп оқитын «Түркістан» газеті арқылы жұртшылыққа ұсынуды жөн көрдім. (Кітаптың тиражы бірер мың ғана екені, ондағы баяндалған оқиғалар қалың көпшілікке әлі жете қоймағаны ескерілді).

Автор

Автор: Мырзеке, сіз Колбинмен бірер жыл қызметті бірге істедіңіз ғой. Жалпы, ол кісі қандай адам еді?

Мырзатай: Орталықтың оны Қазақстанға неге жібергені түсініксіз болатын. Ол Қазақстанды, қазақтарды, қазақтың тарихын білмейтін, білгісі де келмейтін. Байқауымша, партия жұмысына да алғырлығы шамалы еді. Ішкенді тәуір көретін адам сияқты. Ол кісінің бойынан кісілік, инабат, мәдениет сезілмейтін.

Колбиннің өзі бұрын партия органдарында көп жыл істеген адам ғой, қалай дегенмен де халықтың көңіл-күйімен санасу қажеттігін түсінетін. Өзі қорқақ болатын. Ақылшылары да көп еді. Олар негізінен Мәскеуде отырды. Өзімізде де кеңес берушілер аз болған жоқ. Орталық Комитетте құқықтық бөлімнің меңгерушісі Ефимов деген болды. Бойы аласа, талпақ, тұла бойы қазаққа қарсы адам. Колбинде өтетін кеңестерде биттей нәрсені түйедей ғып отыратын. Аузынан мұны бұлай қалдыруға болмайды, жазалау керек дейтін сөз ғана шығатын. Бірде екеуміз шартпа-шұрт келіп қалдық. «Сіз неге мен басқаратын бөлімнің жұмысына қол сұғасыз, болмаса, осы бөлімге қоса жауап беріңіз», – дедім. Сөйтіп, біраз жерге барысып едік, Колбин араға түсті, Ефимовке «сенікі дұрыс емес» деді. Өзі шақырған кезде барсам, кабинетінен ылғи Ефимов сияқтылар шығатын.

Кейде әлдеқандай оқыс жағдай туындаса немесе бірнәрсені газеттен оқыса, өзгелерді де шақыратын болуы керек, көбіне мені шақырып алатын. «Мирзатай, что это означает?» – деп сұрайтын. Сол кезде: «Мынау тегін емес, бұдан өрт шығуы мүмкін, ар жағын байқау керек» деп кішкене от бүркіп қоятынмын. Өзінде бір үрей бар еді. «Давайте, разберитесь, разберитесь. Надо упреждать. Надо остановить», – дейтін. Жезқазғанда ма, бір жерде бір жұмысшы қазақ: «Колбин келгенде қазақтың көсегесін көгертемін, қазақ тілін бір жылда үйренемін деп еді, бір жылдан асып кетті, бір ауыз сөз білмейді ғой» депті. Сонда да «осындай бір жұмысшы сөйлепті» деп менен сұрады. Мен ол жағдайды білмеген едім, ал оған бәрін жеткізіп отырады ғой. «Геннадий Васильевич, вы же сами обещали, бір жылда қазақ тілін үйренем деп едіңіз ғой, сол қайда, ел соны күтіп жүр», – дедім. «Да, действительно. Но видишь, времени не хватает этим заниматься», – деді. Анда-мұнда, бір жерде бірдеңе болып қала ма деп үнемі есі шығып жүрді. Расында да ес жиюға мүмкіндігі де болған жоқ ол «байғұстың».

Автор: Сол кездерден менің есімде мынадай екі жай қалыпты. Біріншісі, Колбин қазақ тілін үйренем деп уәде бергеннен кейін журналистер одан сұхбат алып жатты. Сонда оған: «Сіз Грузияда екінші хатшы болып қызмет атқарғанда грузин тілін үйрендім деп айтып қалдыңыз. Енді қазақ тілін үйренбексіз. Ал грузин тілін ұмытпау үшін сіз қазір ол тілде біреумен сөйлесесіз бе?» – деген сұрақ қойылды. Колбин сонда: «Үйдегі итіммен сөйлесемін» деді де, өзінің тапқырлық жауабына риза болып кетсе керек, «ха-ха-ха» деп күлді. Оның грузиндер естісе намысына тиетіндей орынсыз жауабы мен сұрықсыз кейпі көргендердің бәрінің көңілінде кетпейтіндей болып таңбаланып қалған шығар деп ойлаймын. Екіншісі, бір күні кешкісін такси ұстап міндім. Таксист еңгезердей қазақ жігіті екен. Радиосын қойып еді, ол Колбин туралы бірнәрсе айтып жатты. Радионы басып тастады да: «Аға, Колбин бір-екі жылда қазақ тілін үйренемін деп еді ғой. Үйрену үшін үйінде оқымысты попугай ұстайды екен. Екі аяғына жіп байлап қойған. Оң аяғындағы жіпті тартса – орысша, сол аяғындағы жіпті тартса – қазақша сөйлейді екен. Бір күні жұмыстан келіп, асығып, екі жіпті бірдей тартып қалған екен, попугайы: «Өлтіресің ғой, падло», – деп айтыпты деп», – қарқылдап күлді.

Мырзатай: Колбин Қазақстанға қай бір ықтиярымен келді дейсің. Жіберген соң, амал жоқ, келді де. Қазақстанды басқарды дегені болмаса, сол кездегі оның күнін итке берсін. Сол кезде ел ішінде «қазақтың дәстүрінен, салтынан, әдет-ғұрпынан айырылдық, айтыс жоқ, қазақ тілі құрыды, жойылатын болды» деген сөздер етек алып, көбейе бастады. Осындай мәселелердің күн тәртібіне шығуына сол уақытта шын мәнінде халықтың рөлі зор болғанын айтуымыз керек. Халықтан үлкен ешкім жоқ. Колбин өзі де күнделікті ақпарат алып отырды ғой ел ішіндегі жағдайлардан. Әрі ол әр дүйсенбі сайын кеңес өткізетін, «Колбиновские совещания» дейтінбіз оны. Сонда ағымдағы істер қаралатын. Оған Колбиннің өзінен басқа Орталық Комитеттің бірде-бір хатшысы қатыспайтын, тек бөлім басшылары ғана келетін, олар өз салалары бойынша барлық жағдайды баяндайтын. Айтылатын әңгімелердің көбі біздің бөлімге қатысты болушы еді. Барлық отырыстардың басты кейіпкері біз болып шығатынбыз. Ол кезде идеология бірінші орында тұрды. Өйткені Мәскеудегі Орталық Комитет айтарын айтып қалды. Қаулы шығарып, қазақты қаралады. Желтоқсанда Горбачевтің «демократия», «жариялылық» деген сөздеріне иланып, пікірлерін білдіру үшін алаңға шыққан қазақтың қарусыз жастарына арнайы дайындықтан өткен әскер жұмсап, қақаған аязда өрт сөндіруші машиналармен үстеріне мұздай су шашып, үйретілген иттерді қосып, шоқпарлармен, сапер күректерімен ұрып, Алматының орталық алаңын қанға бөктірді. Шаштан сүйреп, іштен теуіп, қыздарымызды қорлады. Талай жас қыршын кетті. Келешекте халыққа пайдасы тиер дейтін, ойы бар, ұстанымы бар көптеген талантты студенттер оқудан шығарылды. Өзі сөйлей алмайтын, айта алмайтын, ойы жоқтардың ешқайсысы жапа шеккен жоқ. Көптеген адам түрмеге қамалды. Елде наразылық кемеріне жетіп, шүпілдеп тұр еді. Колбиннің ең үлкен жұмысы осыны басу болды. Қайтсем елді тыныштандырамын деген оймен жүрді. Бәрімізбен сөйлеседі, «ахуал қалай», «анау қалай», «мынау қалай» деп сұрастырады. Біз де жағдайды әбден түсініп алғанбыз. «Алып бара жатқан ештеңе жоқ, бәрі дұрыс, тек халықтың кейбір айтып жатқан тілегіне құлақ асу керек. Халыққа бірден қарсы шықпай, құлақ қойып, ығында болып, жайлап, қақпайлап, жетектеп отырмаса, онда сексен алтыншы жылғыдан да қиын оқиғалар орын алуы мүмкін» дейтінбіз. Байқаймын, Колбин осындай пікірлерді Мәскеуге де жеткізіп отырды. Мәскеу де, өзі де осыдан сескенді. Халықтың беті ашылып қалды. Халық бәрін көрді. Ашынды. Талай адам жазаланса да, билік халықты жеңе алған жоқ. Халық төменнен бастап теңіздей толқып, көп нәрсені талап етіп жатты. Біз де осыны пайдаландық, өзіміздің күнделікті жұмысымызда халыққа арқа сүйедік. Өзекеңмен (Орталық Комитеттің сол кездегі хатшысы Жәнібеков – автор) ақылдасып, жан-жақты тегіс байқап отыратынбыз. Өзекең апта сайын бөлімді жинап алып, ананы сөйтейік, мынаны бүйтейік деп, бәрімізге тапсырма беріп отыратын. Халық қайтадан шын мәнінде күш ала бастады. Колбин кейде дүйсенбі күндері өткізілетін кеңесте айтылып жатқан сөздерді маңқиып тыңдап, ойланғандай болып отыратын. Сонда «несіне келдім осы республикаға деп отыр-ау, шамасы» деп ойлайтынмын.

Колбин Қазақстаннан еш абырой алмады. Сол кезде ол «Тұрғын үй – 1991» деген бастама көтеріп, алдағы бірер жылда тұрғын үйлерді көп салдырып, халықты қарық қыламыз деп еді, онысы жай сөз боп қалды. Ол әрекетінен түк шықпады. Халық Колбинді қабылдамады. Ол Қазақстаннан өзінің орнын таппады. Ақыры Колбин кетеді екен деген әңгіме туа бастады. Оның орнына Мәскеу бұл жолы қазақты қояды екен, Меңдібаевты қолдап жатқан көрінеді деген сыбыс шықты. Меңдібаев ол кезде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің екінші хатшысы. Енді бір секірсе немесе Мәскеу қолтығынан демеп жіберсе, Қазақстанға бірінші хатшы болу мүмкіндігі жоқ емес-ті. Ол болмаса Әуелбеков немесе Назарбаев болуы да ықтимал деген әңгімелер айтылды. Ал шындығында, ел ішінде Назарбаевтың беделі басым еді. Мәскеудегі Одақтық Жоғарғы Кеңеске Нұрекең де, Меңдібаев та, Еркеғали Рахмадиев, Мұхтар Шаханов та депутат болатын. Олар съезге он күндеп кететін.

Автор: Сол кезде ел ішінде «Меңдібаев төлқұжатына «қазақ» деп жаздырып алғанмен, ұлты қазақ емес екен» деген әңгіме тараған.

Мырзатай: Ол әңгіменің шындығына бір жолы көзім жеткен. Меңдібаевтың политехникалық институтта сабақ беретін туған інісі бар еді. Бірде Меңдібаев маған: «Институт ректоры менің ініме тыныштық бермей жүрген көрінеді, сөйлесіп, айтып қойшы», – деді. Мен ректорға «Меңдібаевтың інісінің жеке іс-құжаттарын алып, маған келіп кетіңізші» дедім. Сөйтсем, әлгі інісінің құжаттарында «ұлты башқұрт» деп жазылыпты. Екеуі бір әкеден туған бауырлар ғой. Екінші хатшы айтып отырған соң қайтесің, Меңдібаевтың інісіне тимеңдер деп ректорға тапсырма бердім.

Содан, бір күні Меңдібаев Мәскеуден қайтып келді. Жүрегіміз зу ете қалды. Келе сала үлкен залға лық толтыра аппаратты түгел жинады. Өзіне өте сенімді сияқты көрінді. Салған бойда: «Съезден сұранып келдім. Жұмыс көп. Жиналып қалған. Кемшіліктер де аз емес», – деп бастап, бірден маған тиісті. Идеологиялық бөлім еңбекші хаттарымен жұмысты нашар істейді, нәтиже жоқ, пәлен-түген деп. Мені атамайды, «бөлім» дейді. Намысыма тиді. Сөйледім. «Сіз кімді айтып отырсыз? Тұтас бөлім бе, жоқ, әлде мен нашар істеймін бе? Сынның нақты адресі болуы керек. Идеологиялық бөлімнің алдына қойылатын мәселелердің бәрі қолма-қол таразыға өлшейтін, қазір ғана жауабын беретін мәселелер емес. Оның ішінде көбі тарихи мәселелер, келешектің мәселелері. Жылдар бойы шешілетін мәселелер. Елдің сұрап отырған мәселелері де күрделі. Оны шешу үшін уақыт керек. Жауап беру үшін де уақыт керек. Сондықтан сыныңызды біздің бөлім қабылдамайды», – дедім. «Еще посмотрим», – деді ірілік жасап. Сол кезде жұрттың бәрі гу ете қалды: «Орталық Комитетке бірінші хатшы болып Меңдібаев келеді екен» деп. Меңдібаев идеология бөлімінен басқа бірде-бір бөлімді сынаған жоқ. Қаным қайнап кетті. Қасымда орынбасарларым Игорь Романов, Ырысты Сариева бар. «Мұны бұлай қалдырмаймын. Мен оның қабылдауына кіремін. Не деген сұмдық бұл? Осындай да сын бола ма екен? Не деген әділетсіз адам!» – дедім. Екеуі менімен бірге кіретін болды. Келсем, көмекшісі кіргізбейді. «Меңдібаевтың үйі емес қой. Бұл – Орталық партия комитеті, ал мен Орталық Комитеттің идеология бөлімінің меңгерушісімін. Орталық партия комитетінің мүшесімін. Қасымда екі орынбасарым бірге келіп отыр. Қабылдасын», – дедім. Кірдік. «Ну, что хочешь сказать?» – деді. Ішіме сыймай булығып келгем, әкесін таныттым. «Мынауыңыз не сын? Өзіңіз де білесіз, идеология бөлімі айналысатын мәселелердің бәрі өте күрделі. Қандай мақсатпен сынадыңыз? Менің кетуім керек пе? Онда, Жолдасбеков жұмысты дұрыс істей алмай жүр деп неге айтпайсыз. Партияда әділетті адамдар жұмыс істесе керек еді, сіз әділетсіз адамсыз!» – дедім. Біраз жерге барыстық осылай. Шамасы, әуел баста менің тарапымнан мұншалықты қарсылық көремін деп ойламай қалған болса керек, өзі де қорқып кетті. «Мырзатай, ты же не такой, что с тобой?» – деді. «Со мной ничего не случилось. Ешқандай кінәміз жоқ, қандай негізге сүйеніп айттыңыз сондай сынды? Бүкіл аппараттың алдында кешірім сұраңыз», – дедім. Мені қолдап Романов та, Сариева да сөйледі, бөлімге жүктелген міндеттердің жеңіл еместігін, ешкімнің аянып жатпағанын, жұмыстың жүйелі жүріп жатқанын айтты. Ақыр аяғында ол: «Я готов принести извинения перед аппаратом», – деді. Бұл өзі Орталық Комитет тарихында еш уақытта болмаған нәрсе, екінші хатшының бөлім меңгерушісінен кешірім сұрауы. Ертеңінде аппараттың алдында кешірім сұрады. «Я не так выразился, конечно, Жолдасбеков прав», – деді. Мен айтқан «идеологияның жұмысын таразымен, безбенмен өлшей алмайсың, кей мәселелер ұзақ жылдарды талап етеді» деген сөздерімді қайталап айтты. Бұл әңгімені сенімді адамдары Колбинге жеткізген болуы керек деп ойлаймын. Әлде, басқа да ақпараттардан құлағына тиді ме екен. Бір күні ол өзінде өткен жиналыс соңында маған: «задержись, Мирзатай», – деді. Екеуміз оңаша қалғанда: «жұртшылық Марат Самиевич Меңдібаевқа қалай қарайды?» деп сұрақ қойды. «Маған ол туралы пікір айту ыңғайсыздау. Ал шындығына келгенде ел ішінде ол туралы жағымсыз әңгімелер аз емес. Әсіресе, Алматы облыстық партия комитетін басқарғанда адамдарға көп қиянат жасаған деп айтылады», – дедім. Ары қарай қазбалап ешнәрсе сұрамады. Содан кейін біраз уақыт өткен соң Меңдібаев Қазақ ССР Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметіне ауысты.

Автор: Мүмкін, Колбиннің өзі де, Мәскеудегілер де Колбиннің жанында жұртқа жағымды емес адамның отырғанын қаламаған шығар… Сол уақытта «Желтоқсанда болған жайлардан аузы күйген Политбюро Колбин кетсе орнына қазақты қоймақшы екен, үш кісіге – Меңдібаев, Әуелбеков, Назарбаевқа назар аударып жатса керек» деген, жаңағы өзіңіз айтқан сөздерді ел ішіндегі біз де естігенбіз. Сол кездерде, 1989 жылы жазғытұрым Колбин де Қазақстаннан кетті емес пе?

Мырзатай: Иә. Халқымыз үшін, оның дәл сол кезеңдегі жас буыны үшін соншалықты қасіретті, қайғылы болған, көңілдерінде сәулесі, жүректерінде оты, намысы, өз еліне, халқына деген сүйіспеншілігі бар, соның ертеңгі керегіне жарасам деп армандаған талай маңдайалды студенттеріміз, жастарымыз соққыға жығылған, мертіккен, қайсыбірі ажал құшқан, тағдырлары тәлкекке түскен, оқудан, жұмыстан шығарылып, түрмелерге тоғытылған сұрқай кезең сол кезде негізінен аяқталды деуге болады. Бірақ оның зардаптары әрі жалғасып жатыр еді.

Колбин Қазақстанда ештеңе бітіре алған жоқ. Оның жұмысы жүрмей жатқанын, ол Қазақстандағы ахуалды жақсарта алмағанын Мәскеу білді. Желтоқсан көтерілісі Қазақстанға қазақ басшысын қоймаудың қате болғанын көрсетті. Осыдан қорытынды шығарып, Мәскеу Колбинді Одақтық халық бақылау комитетінің төрағасы етіп, қайта шақырып алды да, оның орнына енді халықтың пікірін ескере отырып, ұлтымыздың аймаңдай ұлы Нұрсұлтан Назарбаевты ұсынды. Сол жылы жазда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумында ол бірінші хатшы болып сайланды. Содан былайғы жерде бізге де жұмыс істеу жеңілдеп сала берді…

Автор: Сол кездер туралы тағы не айтуға болар еді?

Мырзатай: Ұлтымыздың мұқтаждарын, қоғамдағы келеңсіздіктерді, көпшіліктің көкейіндегісін айтып, сол кезде батыл сөйлеп, батырлық танытқан адамдарды айта кеткеніміз орынды сияқты. Баспасөзде ол Шерхан Мұртаза, ел ішінде Мұхтар Шаханов еді. Сол кезде Мұхтар депутат та болды. Шерхан газет жұмысын да, баспасөзге қойылатын талаптар мен міндеттерді де, орнымен жұмсай білсе баспасөздің алмастай өткір қару екенін де жақсы білетін азамат. Ол басқарған газет-журналдардың беделі артып, таралымы, тиражы өсіп, жалы күдірейіп шыға келетін. Ол өмір бойы өзінің ұлтына бойындағы талантымен, барлық ынта-жігерімен аянбастан қызмет етті. Осы жерде Шерханның сол кездегі бір үлкен азаматтық, ерлік ісіне тоқтала кетсем деймін.

Орталық комитетте бөлім бастығы болып жүргенімде бір күні маған Шерхан келді. Қолында қалың папка, іші толған хаттар.

– Шер-аға, бұл не? – дедім.

– Адамдардың көзінен жастың орнына қан ағып, жылап-еңіреп отырып жазған арыздары, – деді Шер-аға. – Алматы облыстық партия комитетін басқарып тұрғанда Меңдібаевтың жұртқа жасаған қиянаттары туралы. Оқып көруіңе болады.

Біразын қарадым. Адамның жаны түршігетін жайлар екен.

1985-1988 жылдары Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған Меңдібаев Колбиннің кезінде одан әрі жоғарылап, Орталық партия комитетіне екінші хатшы болып келген еді. Сол кезде біздің бөлімді жөн-жосықсыз, еш негізсіз кінәлап сөйлеп, артынан аппарат қызметкерлері алдында менен кешірім сұрауға мәжбүр болғанын жаңа айтып кеттім. Содан кейін ол республиканың Министрлер Кеңесі Төрағасының орынбасарлығына ауысып, сол биік лауазымда қызметін одан әрі жалғастырып жатқан.

– Мына хаттарды не істейміз? – деп сұрады Шерхан.

– Өзіңіз қандай ойдасыз?

– Мен жариялау жағындамын. Сұмдық қой! Қаншама халықты зар еңіреткен. Елге қадірлі қанша азаматтарды жазықсыз қудалап, орнынан алып, қаңғыртып жіберген. Жұрт запыран құсып, көмек іздегеннен амалсыз газетке жазып отыр. Бергеніміз әділеттілік болар еді.

Шерханның айтып отырғаны дұрыс, «бергеніміз әділетті болар еді» дегені қауіпті әрі ерлікпен пара-пар шешім еді. Меңдібаев соның алдында ғана республика партия ұйымы басшылығындағы екінші адам болса, әлі де билікте, енді республика үкіметіндегі екінші адам болып отыр. Мұндайға кез келген өзге журналистің тәуекелі жетпес еді. Мен кішкене ойландым да:

– Берсеңіз, беріңіз, – дедім. – Бірақ жауапкершілікті мойныңызға аласыз. Мен білмеген болайын, жариялап жатқан – сіз. Ал ертең, мақала шыққаннан кейін, сізді барынша қорғауға тырысамын.

Шерхан батыр адам ғой:

– Бопты, – деді.

Бірер күнде мақала шықты. Таңертең Өзбекәлі мені өзіне шақырды. Барған бойда «мынау не?» деп маған алара қарады. Алдында, стол үстінде «Егемен Қазақстанның» мақала шыққан беті ашық жатыр. Мен:

– Білмеймін. Газетті әлі қарағаным жоқ. Не болып қалыпты? – дедім.

– Немене бұл? «Кіші 37» дейді, – деді Өзекең. Меңдібаевтың кім екенін, істеген істерін менен артық біледі ғой. Сыртынан жақтырмаса да, іштей риза болып отырған сыңайлы.

– Кәні, қарайын, – деп газетті алып, көз жүгіртіп оқып шықтым.

– Мұны бөлім білмейді, – дедім сонан соң.

– Бұл не деген сұмдық! Неге білмейді бөлім? Бұлар неге бетімен кетеді?

– Жоқ, Өзеке, бетімен кеткендік емес. Ішке сыймаған ғой. Жазбауға болмаған ғой, – дедім.

– Шақыр редакторды, – деді.

Шерханды шақырдық. Әуелі маған, бөлімге келді. Мен Өзекеңе ертіп бардым.

– Мынау не? – деді Өзекең оған да.

– Жазбауға болмады, Өзеке. Ешкімнің кінәсі жоқ. Кінәліні іздесеңіз, ол – мен. Мен тіпті бөліммен де келіспедім. Жалпы, кез келген мәселені бөліммен ақылдасып отырамыз. Бірақ бұл жолы білдім, бөлімнің қарсы болатынын. Жазбауға болмады. Ол үшін қызметтен алып тастаймын десеңіздер, алып тастаңыздар, – деді сабырмен.

– Өзеке, неге аламыз? Халықты қан жылатса. Әділін жазған адамды жұмыстан қалай аламыз? Ертең газеттің беделі не болады? Қайта беделі көтеріледі. Еш адам ойына келгенін істемейтін болады, – деп ара түстім.

– Ой, сен де қайдағыны айтасың, – деді маған.

– Болмаса айтыңыз. Кінәліге мені де қосыңыз, – дедім. Үндемеді. Мақала жөнінде басқа ешкім ештеңе деген жоқ. Сол күйінде қалып қойды. Ешкім жазаланбады. Шерхан орнында. Мен орнымдамын. Сол кезде екі қауіптен қалдым. Бірі – қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе беру керек деп Колбинге жазған хатым, екіншісі – осы мақала. Меңдібаевтың адамдарға жасаған қиянаттары елге осылай әшкере болды.

Мақала 17 сәуірде шықты. 22 сәуірде орталық алаңдағы Ленин ескерткішіне гүл қоятын дәстүр бар еді ол кезде. Жиналып тұрғанбыз. Қаскелеңнің жеміс-көкөніс совхозының сауыншысы бар болатын, Орталық партия комитетінің бюро мүшесі еді. Сол әйел: «Как дела, Марат Самиевич?» – демесі бар ма. «Как дела, был человеком, не стал человеком. Он виноват», – деп Өзбекәліні көрсетті. Сонда ойында әлгі мақала тұр. Өзекең ешнәрсе деген жоқ, үндемей бұрылып кетті. Сосын, шыдай алмай: «Марат Самиевич, қазақта мақал бар, қолмен істегенді мойынмен көтеру керек деген. Вы же сами натворили там немало делов», – деп жауап бердім. «Да, ты че там болтаешь?» – деді ол.

Меңдібаев Алматы обкомының бет қаратпайтын бірінші басшысы болып тұрғанда облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып істеген Өзекеңмен қарым-қатынасы жақсы болмаған. Өзекең оның әділетсіз, қиянатшыл істерін біледі ғой, сондықтан оны көргісі, онымен сөйлескісі келмейтін. Кейде бір мәселені екінші хатшымен келісу қажет болғанда, іс қағаздарын менің қолыма беріп, саусағымен жоғары жақты нұсқап, «өзің апарсайшы» деп мені жіберетін. Екеуінің сөйлесіп тұрғанын да көрген емеспіз.

Автор: «Егемен Қазақстандағы» сол мақала желтоқсан көтерілісінен кейінгі және келесі 1987 жылғы республика облыстарының партия ұйымдарында, жер-жерде орын алған жазалаулар мен заңсыздықтар жөнінде, еліне, жұртына адал қызмет атқарған небір абзал азаматтарға жасалған қиянаттар туралы Алматы облысы көлемінде егжей-тегжейлі әңгіме қозғаған еді.

Мырзатай:

– Осы мақала шыққан соң Меңдібаев кешікпей орнынан түсті, басшылық дәурені аяқталды.

Автор: Мырзеке, Меңдібаевтың тарихы – жаны мен ары таза емес кей адамдардың қолына өлшеусіз, бақылаусыз үлкен билік беріп қоюдың қоғамға, қоғамдағы моральдық, адамгершілік ахуалға, қызметтік лауазымы одан төмен, адал, әділ адамдар тағдырына қаншалықты кеселді, кесірлі, қауіпті болатынын көрсететін сияқты. Ол кездегі обкомның бірінші хатшысының қолында сол облыс көлеміндегі ең жоғары билік шоғырланған еді. Ал үлкен мансап, үлкен билік – қолға ұстатқан өткір, алмас қылыш сияқты ғой, оны ұстаған адамның әрдайым әділ, сабырлы-салиқалы, өзгелердің тағдырына немқұрайды қарамайтын, адамгершілік қасиеттерді аяққа баспайтын адал болуын, бәрі менің өзіме ғана болсын, ішейін, жейін, байиын, шалқақтап, шалқып өмір сүрейін деген пиғылдарға бой алдырмайтын, жаны, жүрегі таза, ел-жұрттың қамын жейтін адам болуын талап етеді. Бүгінгі таңдағы қолдарына әр деңгейдегі билік тиген аудан, қала, облыс әкімдері, министрлер туралы да осыны айтуға болар еді деп ойлаймын.

 

Болат БОДАУБАЙ,

жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері,

Халықаралық «Алаш»  сыйлығының иегері

Редакция таңдауы

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...
photo 79186

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір...
1 2

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша...
05

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің...

Жаңалықтар

Бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы бойынша, 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанында мыналарға рұқсат етіледі: оқушылар саны 300-ге дейін контингенті...

Қарағандыда көлікте отырған арыстан туралы Экология министрлігі не дейді?

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қарағандыда арыстанды көлігімен тасымалдағандардың оқиғасына пікір білдірді - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Облыстық жануарлар дүниесі инспекциясының мамандары бұл мәселені талқылады....

Римдегі турнирден қазақ балуандары 11 медаль алды

Италия астанасы Рим қаласында Маттео Пелликонаны еске алуға арналған күрес түрлері бойынша халықаралық рейтингтік турнир басталды. Оған 32 елден 350-ден астам спортшылар қатысуда. Қазақстан...

Ақмола облысының қыздары 4 алтын медаль иеленді

ШҚО Өскемен қаласында жалауын көтерген әйелдер арасындағы еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Бәсекеде Ақмола облысының төрт қызы төрт алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық...

Қарағандыда көлік ішіндегі арыстан жұртты таңдандырды

Қарағандыда көлік терезесінен қарап тұрған арыстанның суреті БАҚ пен әлеуметтік желілерде резонанс тудырды, деп хабарлайды NewTimes.kz. Экология министрлігі бұл оқиғаның мән-жайын анықтап, арыстан Қарағанды хайуанаттар...

Индонезияда сегіз жасар бала қолтырауынның асқазанынан шығарылды

Индонезияда сегіз жасар баланың денесі қолтырауынның асқазанынан алынды, деп жазады The Sun. Берілген ақпаратқа сәйкес, баланың еш жеріне зақым келмесе де, аман қалмады. Бала әкесімен бірге...

Женевада адам құқығы туралы ең жақсы фильмдер іріктелмек

Биыл 19-шы Халықаралық кинофестиваль және Женевадағы адам құқықтары жөніндегі форум виртуалды форматта өтеді. Жыл сайын іс-шараға 40 мың көрермен қатысатын. Онымен қоса 25 елден 300-ге...

Атырауда автотұрақтағы 5 автобус өртеніп кетті

Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде 5 автобус өртеніп кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой...

Елімізде 2021 жылғы алғашқы екі айда 120 адам жемқорлыққа қатысты сотты болған

2021 жыл басталғалы бері  шамамен 120 адам жемқорлық ісіне қатысты сотты болған. Бұл жөнінде ҚР сыбайлас жемқорлыққар қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram каналында хабарланды. Cотталғандардың ішінде 28...

Экстремистік идеология жақтастарын райынан қайтару – басты міндет

Қазақстанда  жат діни ағымдарды түбегейлі ауыздықтау мүмкін болмай отыр. Діни ахуалдың тереңдеуіне қауіптің  алдын алу жұмыстарының жеткіліксіздігі себеп болуда. Бұл туралы Алматыда Абай атындағы...

Әлемде адам тіршілігі үшін қажетті негізгі тауарлардың бірі таусылуға жақын

Дүние жүзінде адам тіршілігі үшін маңызды тауарлардың бірі — құмның тапшылығы сезіле бастады. Құм судан кейінгі ең көп сұранысқа ие ресурс болып саналады, деп...

Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды.  Жаңа қаулыға сәйкес, қылмыстық-атқару мекемелерінде санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау алгоритмі» атты 24-қосымшада 4-тармақ өзгертілді. «4. Маскаларды...

Дәрігер әйел адамның денсаулығына қауіп төндіретін ең зиянды өнімдерді атады

Ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атады, деп хабарлайды Lenta.ru. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән...

Елорда асханаларының бірінде өрт шықты (видео)

"5 наурыз күні сағат 11.48-де өрт сөндіру бөлімнің қызметкерлері шұғыл түрде Достық көшесінде орналасқан "Избушка" дәмханасына аттанды", – делінген астаналық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында. Тұрғын...

«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны қолды болды

Ақмола облысында «Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды, деп хабарлады zakon.kz. «Ақмола облыстық полиция қызметкерлері 2 наурызға қараған түні «Қазақалтын» АҚ-қа тиесілі катодты алтынды ұрлау...

Орыс тілінде сөйлеген депутат партия қатарынан қуылды

Украинада Харьков облыстық кеңесінің депутаты Александр Дорошенко орыс тілінде сөз сөйлегені үшін  партия қатарынан шығарылды, деп хабарлайды РИА Новости. "Еуропалық ынтымақтастық" партиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, ...

Жамбылда 38 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

Жамбыл облысында 38 елді мекен су астында қалуы мүмкін. Олардың басым көпшілігі су қоймаларының маңайында орналасқан. Егер көктемде күн күрт жылып, таудағы қар ерісе...

Елімізде жаңа мереке пайда болды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізетін бұйрыққа...

«Алаяқтардың қолына түсуі мүмкін»: Маман телефоннан қандай хабарламаларды жойып отыру керегін айтты

"Цифрлық платформалар" автономды коммерциялық емес ұйымының бас директоры Арсений Щельцин смартфоннан қандай хабарламаларды өшіріп отыру керегін айтты, деп хабарлады РИА Новости.     Маманның айтуынша, телефоннан...

Алматылық оқушы халықаралық математика лигасында топ жарды

Алматы қаласындағы «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 9-сынып оқушысы Нұрасыл Бейсенбай  The Math League – Халықаралық математика лигасында топ жарды, деп хабарлайды Алматы арнасы.  Олимпиадаға әлем бойынша...

Өр тұлғалы өңір басшысы

Күрделі кезеңдерде республикамыздың бес облысының әкімі болған, Елбасының сенімді сардарына айналған Бердібек Сапарбаевтың атқарған еңбегін, көзбен көріп, көңілге түйген сол облыстардың халқы әлі күнге...

Қасым-Жомарт Тоқаев түрік халқына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің...

8 наурызға 18 кітап

Көктемнің алғашқы шуақты мерекесі жақындаған сайын көпшілігімізді, әсіресе ер-азаматтарды жақындарыма «не сыйласам?» деген сауал мазалайтыны белгілі. Кітап сыйлаңыз. Жақсы таңдалған құнды кітап басқа жанның...

Елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыт салынады – министр

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2025 жылға дейін елімізде мұнай және газ-химия саласында 5 зауыттың құрылысы аяқталатынын айтты. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай және газ-химия...

Қазақстанда әйелдер мемлекеттік қызметтерді алуға аз жүгінеді

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтерге қанша әйел жүгінетінін есептеп көрді. Белгілі болғандай, 2020 жылы мемлекеттік корпорацияға түрлі қызметтерді алу үшін 6,2...

8 наурыздан бастап Өзбекстанға жаңа әуе рейсі ашылады

2021 жылғы 8 наурыздан бастап «SCAT» әуе компаниясы Ақтау және Үргеніш қалалары арасында аптасына 2 рейс орындай бастайды, – деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз...

АҚШ ғалымдары коронавирус инфекциясын қоздыратын қан тобын анықтады

АҚШ ғалымдарының зерттеуі бойынша, ІІ қан тобының иелері коронавирус инфекциясының жұқтыруға «бейім» келеді. Гаврард медициналық мектебінің «Бригэм энд уименз» клиникасында қызмет ететін ғалымдардың бұл...

Коронавирус: 226 адамның жағдайы ауыр

5 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 18 882 адам короновирус инфекциясынан (13 236 КВИ+ және 5 646 КВИ-) емделіп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында олардың...

Ауа райының бұзылуына байланысты 7 өңірде көлік қозғалысы шектелді

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдардың төмендегідей учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізілді. Ақмола облысында: 1. 03.03.2021 ж. сағат 16.00 «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында,...

Ақылы автожолдарда көлігі бұзылған жүргізушілерге тегін көмек көрсетіледі

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы ақылы автожолдарда жанармайы таусылған немесе автокөлігі бұзылған жүргізушілерге көмек тегін көрсетілетінін мәлімдеді. Павлодар облысының Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Аққулы, Железин және Тереңкөл аудандарында...

5 наурыз: еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалар болды

Осыдан 25 жыл бұрын, яғни 1996 жылы 5 наурызда Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театры «Ақан сері-Ақтоқты» пьесасының (режиссер Ж. Омаров) қойылымымен ашылды. Сол жылы...

Елордада ауа райының бұзылуына байланысты оқушылар қашықтан оқиды

Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы бүгін ауа райының күрт бұзылуына байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқыту форматына көшірілгенін хабарлады. «Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы хабарлайды:...

ШҚО-да дүкенге маскасыз кірген адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысының 5 ауданында карантиндік шектеуді бұзғандар тіркелді. ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сүйенсек, мониторингілік топтар Шемонаиха ауданында 74 нысанға тексеру жүргізіп, ереже бұзудың 1...

Өткен тәулікте 857 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 857 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 132, Алматы қаласы - 134, Шымкент қаласы - 27,...

Еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады – Қазгидромет

5 наурыз күні Қазақстанның басым бөлігіне әлі де Солтүстік-Батыс циклонның әсері сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі, – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК. Республиканың оңтүстік...

Абай атындағы университет үздіктер қатарына енді

Абай университеті екі бағдарлама бойынша QS World University Ranking by Subject-2021 рейтингінде топ-250 үздіктер қатарына енді. Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет «QS World University Ranking...

Кремль: «Cанкцияның әсері де, мағынасы да жоқ»

АҚШ-тың "Навальныйдың ісі" бойынша жаңа санкциялары екіжақты қатынастарға "қатты әсер етеді", қазірдің өзінде "жағдай нашар". Бұл туралы Кремльде айтылды. АҚШ-та Ресейдің жаппай қырып-жоятын қару бағдарламасын...

«Құтадғу біліктің» жаңа аудармасы оқырманға тарту етілді

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар» кітапханасында Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегінің жаңа аудармасының таныстырылымы өтті. Қарахандар дәуірінде 1069 жылы жазылған құнды жәдігер...

Министрлік коронавирус «гүл арқылы жұғады» деген ақпаратқа түсінік берді

Коронавирус инфекциясы гүл арқылы жұғады деген ақпарат жалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Департамент мәліметіне қарағанда, Желіде...

Балалар әдебиеті: есейген қаламгер ме, балалар ма?

Балалар әдебиеті – әдебиеттің ең бір елеулі саласы. Халқымызда ежелден балалар әдебиетінің бай фольклорлық үлгісі болды. Ертегі, жаңылтпаш, мазақтама, жұмбақ, т.б. Мұндай қызықты нәрселердің...

Бішкекте қандасымызға арналған музыкалық кеш өтті

1 наурызда  Бішкектегі К.Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерва­тория­сында Қыр­ғыз Республикасындағы қазақтардың арасынан шық­қан талантты әнші, қырғыз елінің  мә­дениетіне еңбек сіңірген қайраткер Ержан Му­синді еске...

Енді WhatsApp-тың компьютерлік нұсқасында бірнеше адаммен видео арқылы сөйлесуге болады

WhatsApp мессенджерінің компьютер арқылы қосылатын нұсқасында бірнеше адам видео және аудио байланыс арқылы сөйлесе алады, - деп хабарлайды Tech Crunch. Аудио және видео қоңыраулар шифрлау арқылы...

Ауылдағы іскер әйелдерге 4000 доллар қайтарымсыз грант беріледі

Ауылды жерлерде кәсіпкерлікпен айналысатын әйелдердің 4000 доллар қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндіктері бар, деп хабарлайды Аtameken Business.     https://youtu.be/rIWRXS-QT2Q Ол үшін өз ісіңізді ашуға деген...

2020 жылы Қазақстанда 48 ірі сүт фермасы іске қосылған

Өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында импорттық өнімдерді алмастыру жоспары бойынша Қазақстанда 48 тауарлы сүт фермасы, 3 ет комбинаты іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы...

Пандемия кезінде гендерлік теңсіздік күшейді – ДДСҰ

Пандемия Еуропадағы гендерлік теңсіздікті күшейтті. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге бейсенбі күні Facebook-те жарияланған Копенгагенде өткен...

Украина коронавирустың үшінші толқынына дайындалуда – Премьер-министр

Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль елде COVID-19 үшінші толқынының басталғанын мәлімдеп, келесі локдаунның мүмкіндігін жоққа шығармайтынын айтты.  Укринформ сайтының мәліметінше, Денис Шмыгаль жағдайды бейімделген карантин құралдарымен...

Қысқа жіп күрмеуге келмей…

Былтыр жыл соңында Дүниежүзілік банк Қазақстанда кедейлер саны 1,5 млн адамға көбеюі мүмкін деген болжам жасады. Сарапшылар 2020 жылы Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы тұрғындары...

Еліміздегі мешіттер қазақы стильде болуы керек – Бас мүфти

Елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Қазақы стильдегі мешіт құрылысы бойынша жұмыс тобының алғашқы мәжілісі өтті, –...

«Nur Otan»: Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналар ардақталды

Бүгін «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында 8 Наурыз – әйелдердің халықаралық мерекесіне орай, бір топ көпбалалы анаға құрмет көрсетілді. Партияның «Бақытты отбасы» жобасы...

Жаңа орда құратын ұрпақ тәрбиелегіміз келеді

Парасат ТАНЕН, Orda Gen жобасының директоры: Тәуелсіздіктің ақ таңында дүниеге келген сәбилердің емін-еркін ойланып, жан-жақты дамып, қазақы мінез қалыптастыруына ертегі арқылы жол ашу – Orda...

Жасотандықтар мереке қарсаңында жас аналарға құрмет көрсетті

8 наурыз қарсаңында жасотандықтар Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 көпбейінді орталық аурухананың акушерлік бөлімнің нәзік жанды қызметкерлері мен аналарын құттықтады. «Jas Otan» ЖҚ жетекшісі Нұржан Жетпісбаев: «Әйелдер күнімен...

Өскеменде баланы еденге лақтырған тәрбиешіге іс қозғалды (видео)

Өскемен қаласындағы «Арман» балабақшасының тәрбиешісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 3 наурызда облыстық білім басқармасына хабарласқан ата-ана «Арман» балабақшасындағы «Еркетай» тобы...

Латынграфикалы қазақ әліпбиі: кірме терминдерді жазудағы ұстанымдар

2019 жылғы қазанда Ұлттық кеңес­тің кезекті отырысында Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қ.Тоқаев ғалым­дар­ға жаңа қазақ ұлт­тық латынграфикалы әліпбиін же­тілдіруді тап­сыр­ған болатын. Ал 2021 жылғы 28...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасы арасында дипломатиялық қаты­нас орнады. 1993 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасы Прези­дентінің «Мемлекеттік холдингтік компаниялар туралы»...

Алма ҚҰНАНБАЕВА, Стэнфорд университетінің профессоры: Америкалықтар қазақтың киіз үйіне келіп, күйін тыңдауға құмар

АҚШ-тағы әлемге әйгілі Стэнфорд университетінің профессоры Алма Құнанбаева көп жыл бойы америкалық студенттерге қазақ мәдениеті туралы лекция оқыған. Сонымен қатар ол Беркли қаласында Орта...

Ақмола облысында шахтада топырақ басып қалған жұмысшылар құтқарылды

Ақмола облысында шахтада топырақ үйіндісінің астында қалған екі жұмысшы құтқарылды. Oблыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 4 ақпан күні Астрахан ауданындағы «Айна – ресурс» ЖШС...

Сарқылмас сезім бұлағы

Өнер атаулы сұлулықты дәріптеуден тұрады десек, сол дәріптеудің таусылмас кені, сар­қыл­­мас шабыт көзі – әйелдер. Және бұл өнер­­дің барлық түріне тән. Ежелгі дәуірден бері...

Ақұштап БАҚТЫГЕРЕЕВА: Ақынның мақсаты – әлдекіммен қылыштасу емес, ақиқатқа көз жеткізу

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Túrkistan басы­лымы арқылы қазақ қыздарына өз ақыл-кеңесімді айтқым келеді. Басылымдарыңызды замандастарыммен қатар оқитын жас қыз-келіншектер пайдалысын көңіліне тоқып,...

Рухани жаңғыру − рух тазалығына ұмтылу

Әр дәуір өз жаңалығымен келеді десек те, ұлт ретінде қалып­тас­қан халықтың өзгермейтін бір талабы болады, ол − ру­хани тұрғыдағы біртектіліктен ажырамау. Елді ел ететін...

Енді педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады – министр

Бүгін Парламент Сенатында депутаттар білім саласына қатысты бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осы құжатта...

Қазынаның шығыны көп, кірісі аз

2020 жыл әлем экономикасы үшін сынақ жылы болды. Көрсеткіштердің бәрі кері кетті. Алыс-беріс азайып, барыс-келістің тоқтауы көп елдің қазынасын ортайтып, қарызын еселеді. Пандемия  Қазақстан...

Тәж-Махалдан мыңнан астам турист эвакуацияланды

Бейсенбі күні таңертең Үндістанның Агра қаласындағы Тәж-Махал кесенесі аумағынан кем дегенде мыңнан астам турист эвакуацияланды, – деп жазды Hindustan Times газеті. Басылымның мәліметінше, жергілікті полицияға...

Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды

Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды. «Сіздердің қарауыңызға Анатолий Сергеевич Смолинді және Серік Қазбекұлы Әбнәсіровті Жоғарғы Сот судьясының қызметінен босату туралы...

Қаржы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

ҚР Қаржы министрінің бұйрығымен Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі. Абзал Бейсенбекұлы 1985 жылы Жамбыл облысында дүниеге...

Австралияда «жұмбақ рейстерге» билет сатыла бастады

Австралиялық Qantas әуе компаниясы бағыты беймәлім рейстердің ашылғаны туралы хабарлады. Компания "жұмбақ рейстер" деп атаған тасымалдың бұл түрі – шекаралар жабық кезде ішкі рейстерді...

Шетелден 500 млн доллардан астам қаржыға сатып алған малдың пайдасы болды ма?

Қазақстан соңғы жылдары шетелден 153 мыңнан астам асыл тұқымды мал сатып алған. Оған барлығы 500 миллионнан астам доллор жұмсалған. Бірақ сатып алып келген малдан...

Оралда көпірдің астынан жас жігіттің мәйіті табылды

Азиат пішіндес жас жігіттің мәйіті бүгін сағат 07.01-де Орал қаласына қарасты Деркөл кентіндегі көпірдің астынан табылған. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау департаменті хабарлады.  Жасы шамамен...

Терезеден құлап кеткен баланы құтқарған павлодарлық 1 млн теңге сыйақы алды

Павлодар қаласының тұрғыны Александр Жұмабаевқа терезеден құлаған баланы құтқарғаны үшін миллион теңге берілді. Ер адам биіктен құлап кеткен қызды қағып алуға үлгермей қалды, алайда...

Туысының үйінен соғым етін ұрлаған жамбылдық бас бостандығынан айрылуы мүмкін

Соғым етін ұрлаған жамбылдық тұрғын бас бостандығынан айрылуы мүмкін,  деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 1 наурызында Т.Рысқұлов аудандық полиция бөліміне Көгершін ауылының тұрғыны xабарласып, үйінің...

Қазақстанда төлқұжаты жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды

Қазақстанда жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 3,5 мыңнан аса адам анықталды. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған. «2020 жылғы қыркүйек...

Apple саңылаусыз iPhone шығарады

Apple физикалық порттарсыз жұмыс істейтін смартфон өндірісін қолға алды. Бұл туралы Appleosophy басылымы хабарлады. Дереккөздердің хабарлауынша, америкалық компанияның инженерлері iPhone-ды компьютермен синхрондаудың жаңа әдістерін жасауда....

Алматыда «Рахат» базарының 300-ге жуық саудагері наразылыққа шықты

Алматыда "Рахат" базарының 300-ге жуық саудагері өздері жан бағып отырған сауда орнының жабылуына қарсылық білдіріп, наразылыққа шықты. Айтуларынша, орнына жиһаз фабрикасын салуға рұқсат беріпті,...

Жұмыс істеуге ең қолайлы мемлекет анықталды

Әлемдегі еңбек мигранттарының ширек бөлігіне жуығы жұмыс істеу үшін Канадаға қоныс аударуды құп көреді екен. Бұл туралы BCG және The Network-тің бірлескен зерттеуінде айтылған,...

Ақмола облысының күре жолдарында көлік қозғалысы шектелді

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола облысының күре жолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.  4 наурыз күні сағат 07.00-де Ақмола облысында ауа райының нашарлауы (жел,...

Коронавирусты «мәңгілікке» жұқтырған алғашқы науқастар тіркелді

Америкалық дәрігерлер коронавирусты "мәңгілікке" жұқтырудың алғашқы жағдайларын анықтады, деп хабарлайды medRxiv.  Оңтүстік Калифорния университетінің мамандары вирустың іздері алты ай бойы ақ қан ауруымен ауыратын бірнеше...

4 наурыз: атаулы күндер, есте қалар оқиғалар

4 наурыз Тәуелсіз Қазақстан тарихында қандай оқиғалармен есте қалды? Еске түсіріп көрейік... 1993 жылы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» ҚР Заңы күшіне енді. 1997 жылы ҚР...

WhatsApp арқылы 20-ға жуық адамға 70 млн теңгеден астам залал келтірген әйел ұсталды

Ақмола полицейлері интернет-ресурстардың көмегімен пирамида ұйымдастырған алаяқты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 наурызында Көкшетау қаласының ПБ кезекші бөліміне Көкшетау қаласының 65 жастағы тұрғынынан...

Тұман, көктайғақ, жел: Синоптиктер ел өңірлерінде ауа райы қандай болатынын айтты

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының өтуімен құбылмалы ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Еліміздің оңтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі, кей жерлерде...

28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі

Шығыс Қазақстан облысында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай 28 мыңға жуық көпбалалы анаға бірреттік төлем беріледі. Мереке қарсаңында көпбалалы аналар 5 АЕК (14...

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...