ЖАСЫРАМЫН ДЕП  ЖАРҒА ЖЫҒЫЛДЫ

ЖАСЫРАМЫН ДЕП  ЖАРҒА ЖЫҒЫЛДЫ

ЖАСЫРАМЫН ДЕП  ЖАРҒА ЖЫҒЫЛДЫ
ашық дереккөзі
Күздің қара суығы басталғалы бері «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығында маусымдық тауарларға деген сұраныс артуда. Оған Қытай мен екі ортада күнделікті сауда-саттық мақсатымен қатынайтын адамдардың саны төрт мыңнан асып жығылғаны дәлел. Осы орайда ары-бері сапырылысып жақтан жолаушылардың ішінде небір теріс пиғылды пенделер де аз емес екенін айта кету керек. Олар кедендік тексеру кезінде тауарларды жасырып өтудің небір әдісін қолдануға тырысады. Себебі қымбат бағалы киімдерге кедендік баж салығының тарифі жоғары болғандықтан, кеден заңына бағыну ондай адамдарға онша тиімді емес. Сондықтан да қулықтың қырық қалтарысын қолданып, небір әдістерін ойластырады. Осындай қысылтаяң сәттерде бірлесе іс-әрекет ету шаралары ғана тиімді нәтиже беретіні сөзсіз. Таяуда, яғни 22 қазан күні кезекті кедендік тексеру кезінде контрабандалық жымысқы әрекет кеденшілердің назарынан тыс қалмады. Кеденшілер мен шекара қызметі және «Қорғас» полиция бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып, әрекет етудің нәтижесінде 70 дана қымбат бағалы терілерден (негізінен құндыз) тігілген сырт киімдер ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған тауарлардың кедендік құнын анықтау және аталмыш тауарларға қатысы бар адамдарды жауапкершілікке тарту мәселелері қолға алынуда.