692
Кездесу тақырыбы – Бала құқығы
Кездесу тақырыбы – Бала құқығы
Парламент Сенатының депутаты, Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысында іссапармен болды.
Сапар барысында депутат үкіметтік емес ұйым мүшелерінің, облыстық прокуратура, ішкі істер, білім беру, денсаулық және басқа да ұйым өкілдерінің қатысуымен облыс әкімдігінде кездесу өткізді. Кездесуде Жолдаудың негізгі бағыттары – білім беру, денсаулық сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері қызу талқыланды.
Сонымен қатар, С.Айтпаева облыс әкімдігі білім басқармасының басшыларымен бірге Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер арнайы мектебінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдаушылық білдірген депутат жергілікті медицина қызметкерлеріне бала жағдайын күнделікті жіті бақылауда ұстауды және ата-аналармен тығыз байланыс жасауды тапсырды.