Әлемдегі ең ірі мұздықтар еріп жатыр

Әлемдегі ең ірі мұздықтар еріп жатыр

Әлемдегі ең ірі мұздықтар еріп жатыр
ашық дереккөзі
2496
Бішкекте төртінші дүниежүзілік таулы форум өтіп жатыр.Оған қатысқан ғалымдар мен зерттеушілер мұздықтардың еруі мен таулы аймақтарда тіршіліктің алуан түрлігін сақтау секілді мәселелерді талқыға салды, деп хабарлайды «Хабар 24». Ауа райының жылынуына байланысты әлемдегі мұздықтар ауданы біртіндеп қысқарып келеді. Соңғы он жылда Ауғанстандағы мұздықтар 13 пайызға азайған. Қырғызстанда бұл көрсеткіш сәл төмен. Ғалымдардың зерттеуінше, мұздың еруі жауын-шашын мөлшерінен де асып кеткен. «Су тасқындары мен лай көшкіндері ауа райы өзгергенін көрсетіп отыр. Өйткені судың көбейгені мұздықтардың еруін білдіреді. Ауа райы жылына берсе, бұл үрдісті тоқтату мүмкін болмайды. Осы ретте Қырғызстан үкіметі электромобильдер мен гибрид көліктеріне кеден салығын алып тастады. Бұл – ауаның ысуына әкелетін газдар шығаратын көліктерді азайту үшін қабылданған шара», – деді Қырғызстан қоршаған ортаны қорғау агенттігінің директоры Әбдіхалық Рустамов. Тағы бір өзекті мәселе таулы аймақтарда тіршіліктің алуантүрлілігін сақтау болып отыр. Мәселен, форумға қатысушылар арасында барыс мекендейтін бірнеше елдің өкілдері бар. Бұл мемлекеттер тау жыртқышын қорғау мақсатында зор еңбек етіп жүр. Бірақ барыс құрып кетпеу үшін оған азық болатын жануарларды да сақтау керек. Ғалымдардың пайымдауынша, жаңғыртылатын қуат көздері саласында жаңа технологияларды қолдану, таулы жүйелердің экологиялық тазалығы мен тіршілігінің алуантүрлілігін сақтауға өз септігін тигізеді. Осылайша таулар табиғатына келетін зиянды бірнеше есе азайтуға болады.

Серіктес жаңалықтары