__МаңыздыЖаңалықтарЖаһанСаясат

БАҚ: Ресей Иранға америкалық санкциядан айналып өтуге көмектеспек

Ресей Иранға мұнай экспортын тоқтататын Американың жаңа санкциясынан айналып өтуге көмектеспек. Бұл жөнінде mako.co.il деп аталатын израильдік агенттік «ресейлік СІМ құпия құжатына» сілтеме жасап хабарлады, деп жазды centralasian.org.

Бұл құжатқа сәйкес, Иран мұнайын Каспий теңізі арқыры Ресей аумағына өткізеді. Осы арқылы Иран мұнайын әлемге сата бермек. Агенттік жазуынша, «бұл механизмге Еуропа елдері үндемей келісе бермек».

Санкциядан айналып өту бастамасы қыркүйек айында Тегеранда Ресей, Иран және Түркия президенттерінің бас қосуында талқыланған екен.

Мамыр айында АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен көпжақты ядролық келісімнен шығатынын мәлімдеп, Тегеранға қарсы санкцияны біртіндеп қалпына келтіретінін мәлімдеген. Америкалық және израильдік билік Барак Обама тұсындағы келісім ирандықтарға ядролық қаруды құпия жасауға мүмкіндік берді деп есептейді. Тегеран болса, бұл айыптарды жоққа шығарады. Еуроодақ Иранға қарсы АҚШ-тың біржақты санкциясынан қорғанатын шара қолдану жайында мәлімдеген. Ресей мен Қытай да осындай ұстанымда.

Back to top button