«100 жаңа есім»: NASA Тимурды таңдады

«100 жаңа есім»: NASA Тимурды таңдады

«100 жаңа есім»: NASA Тимурды таңдады
ашық дереккөзі
Жобаны толық жүзеге асыруға жарты жылға жуық уақыт қажет болды. Құрастыру жұмыстарына отандық аниматорлар мен белді IT-мамандар тартылған. Алматылық Тимур Рысбеков – «Қазақ­­станның 100 жаңа есімі» тізіміне енген тұңғыш оқушы. Дарынды жастың әлеуметтік, медицина және ғарыш саласы бойынша көптеген өнертабысы бар. Жақында оқушы Америкаға аттанғалы отыр және онда NASA ұйымдастырып отырған байқауға қатыспақшы. NASA – (ағылш. National Aeronautics and Space Administration, қыс. NASA) аэронавтика және ғарышқа ұшу саласында зерттеулер жасау үшін 1958 жылы құрылған АҚШ үкіметінің агенттігі. Ұйым тікелей Америка Құрама Штаттарының вице-президентіне бағынады. Агенттік авиация, аэронавтика, космонавтика салаларында зерттеулер жүргізумен және ғылыми тұрғыда ғарыштың құпияларын ашумен айналысады. Қазір Тимурдың 72 өнертабысы бар. Оның 28-і патенттелген. Ол өзінің ерекше өнертабысын ғарыш саласына арнап жасапты. Қалта телефоны арқылы басқарылатын робот ашық ғарышта кез келген тапсырманы орындай алады. Тимур жақында бұл жұмысын Америка Құрама Штаттарына апарып, бағын сынап көрмек. «Тамыз айында біз тобымызбен халықаралық платформаға шықтық. Әлемнің сарапшылары жобамызды жоғары бағалап, NASA ұйымдастыратын үлкен байқауға шақырту алдық. Оған әлемнің 30 елінен үздік өнертапқыштар келеді. Мен бұл байқауға көлемді мәліметтер қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ерекше бағдарламаны ұсынбақпын. Сонымен қатар, оянуы мүмкін вулкандарды анықтай алатын құрылғыны апарамын», – дейді жас өнертапқыш. Тимур Рысбеков 2017 жылы халықаралық байқауға қатысып, 77 химиялық реактивтерді анықтай алатын роботты жасап, ұсынған еді. Сол кезде NASA сарапшылары баланың өнертабысына қатты қызуғышылық танытқан. Тіпті, әріптестік байланыс орнатуға ұсыныс білдірген еді.