Жемқорлықпен күрес жандана түспек

Сондай-ақ!

Кәсіпкер қандасымыз: Мұқтаж жандарға бейжай қарамаймын

Ақыт Ибатұлы – алғаш ел тәуелсіздігін алып, алыстағы ағайынға атажұрт есігін айқара ашқан уақытта Моңғолияның Баян-Өлгей аймағынан көшіп келген қандасымыз. Мұхаметжан Тынышбаев атындағы Көлік...

Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдері қытай тіліне аударылды. Аударған - Қытай Халық Республикасында тұратын қандасымыз, жазушы, аудармашы, қоғам...

Азаматтығы жоқ, баспанасы жоқ көп балалы ана қайтіп күн көрер?

Өзбекстаннан келген қандасымыз Наргиз Ташкенбаева төрт баланың анасы, жұмыссыз, балаларға арналған әлеуметтік жәрдемақыны да ала алмай жүр. Наргиз Ташкенбаева – 1981 жылы Өзбекстанда туған. Қазақстанға...

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жемқорлықсыз қоғам қалыптастыруға баса назар аударған болатын. Сондықтан, қазір Жамбыл облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде.

Ағымдағы жылдың 8 айында Жамбыл облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті сыбайлас жемқорлық бойынша 5 құқықбұзушылықты анықтаған. Бұл туралы ведомствоның және ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроның кеңейтілген отырысында айтылды.

Алқалы жиын  барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабына сәйкес Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғалары туралы нұсқаулық шығарылды. Заң бұзушылықтар көбіне кәсіпкерлер тарапынан орын алады. Мәселен алкогольді өнімдерді құжатсыз сатылымға қою,парақорлық және тағы басқалар. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың туындауына байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жең ұшынан жалғасқан бұл індеттің пайда болуына ықпал ететін факторларды болдырмау және алдын алуға арналған тиісті  шаралар қабылданды. Атап өткендей, Мемлекеттік кірістер  департаменті  еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, ішкі сыбайлас  жемқорлықты анықтау үшін белсенді түрде жұмыс жасайды.Бұл шаралардың барлығы жемқорлық фактілерін азайтуға бағытталған.

Қоғамның басты дертіне айналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан оның алдын алу жұмыстарын күшейткен абзал. Бұл ретте «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері студент-жастармен кездесу өткізді. Олар әуелі жемқорлықтың залалы мен зардаптарын солардың санасына сіңіру керек деп санайды.

Жиынға қатысушылар кезегімен сөз алып, сыбайластық пен жемқорлықтың түбі неге әкеліп соқтыратынын, оған жол бермеудің түрлі амал-әдістерін түсіндірді. Адал еңбек ету – ең бірінші адамдыққа бастайды. Ал парасыз өмір сүру арқылы адам жарқын болашағын қалыптастырады. Оған жастар елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін тежеген жемқорлық жайлы көрсетілген бейнероликтер арқылы көз жеткізді. Мәселен, екі айлық көрсеткішке дейінгі пара мөлшерімен ұсталған адамға ірі сома көлемде айыппұл салынады. Егер одан жоғары болса, алған пара көлеміне қарай азамат 3 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Мұндай жағдайда пара беруші де жауапсыз қалмайды, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сол себепті, сізді пара беруге әлдекім мәжбүрлесе, тез арада құқық қорғау органдарына жүгінгеніңіз жөн!

Қазіргі уақытта қоғамда ең өзекті проблемаға айналған мәселенің бірі – сыбайлас жемқорлық. Айрықша мән беріліп, күрес күшейген сайын қылмыстық іс-әрекет көбейіп барады. Мемлекеттік қызметте 8 ай ішінде 1500 құқықбұзушылық орын алса, оның тең жартысы пара алу дерегі. Сондықтан, оған тосқауыл қоюдың жаңаша әдіс-тәсілдері   қолданылуда. Құйтырқы іспен күресудің заманауи тетіктері түсіндірілген ауылшаршаруашылығында өткаен жиын жайында толығырақ тілшіміз айтып береді.

Басқосудың басты мақсаты – әр салада парақорлық басым  тұстарды анықтап, сәйкесінше заңдылықтарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу. Мүмкіндігінше халықты қағазбастылықтан құтқарып, электрондық жүйеге көшіріп, цифрландыру. Ауылшаруашылығы саласында да жемқорлық дерегі жоқ емес. Әсіресе, субсидия беру, мемлекеттік қызмет көрсету тағысын тағы. Агроөнеркәсіп кешеніндегі сыбайлас әрекеттің нағыз қызу ошағы бүгінгі таңда фитосанитариялық бекеттер болып тұр, – дейді Жамбыл облыстық аумақтық инспекцияның бөлім басышысы Рыскүл Мырзабекова.

Жемқорлыққа төзбеушілік қағидасын қалыптастыру бағытында жиында баяндама жасалса,жиылғандардан мүлдем ұсыныс-пікірлер түспеді. Ауылшаруашылығы мамандары ескі жүйені өзгертіп, жаңашылдық енгізуге құлықсыз. Сондықтан агенттік өкілдері мейлінше, жұмыстың ашықтығын қалыптастырып, еңбеккерлерді құжат жинап сабылтпай, барлық қызмет түрлерін автоматтандыруға көшіру керектігін, сондай-ақ ғимараттарда бейнебақылауды көбейтуді алға тартады. Мәселен, бұған дейін тыңайтқыш алуды рәсімдеу электронды жүйеге көшсе, өз ілкімділігін дәлелдеді.

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...
Бермуд үштағаны

100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жоғалып кеткен кеме табылды

Зерттеушілер мен теңіз археологтарының тобы 100 жыл бұрын Бермуд үштағанында жұмбақ күйде...
Кәсіпкер

Кәсіпкер қандасымыз: Мұқтаж жандарға бейжай қарамаймын

Ақыт Ибатұлы – алғаш ел тәуелсіздігін алып, алыстағы ағайынға атажұрт есігін айқара...

Абай шығармалары қытай тіліне аударылды

Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұлы ақынның қара сөздері мен өлеңдері қытай...

Шынар КЕНДІН: Маңғыстаумен мақтанамын!

https://youtu.be/IqsBbA-xlCM Видео авторы Нұржан ТҰРҒЫМБАЙ
көп балалы ана

Азаматтығы жоқ, баспанасы жоқ көп балалы ана қайтіп күн көрер?

Өзбекстаннан келген қандасымыз Наргиз Ташкенбаева төрт баланың анасы, жұмыссыз, балаларға арналған әлеуметтік...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...