Бірғаным Әйтімова зейнетақысы қанша екенін айтты

Сенат депутаты, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрайымы Бірғаным Әйтімова БАҚ өкілдеріне қанша зейнетақы алатынын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Таңғаларлығы, менің зейнетақым мемлекеттік қызметтте бір күн де істемеген достарымның зейнетақысымен бірдей. Біраз қызмет атқарғаныма қарамастан, зейнетақым 100 мың теңгеден сәл ғана асады. Мен зейнеткермін, менің зейнетақым бұрын гаражды басқарған адамның зейнетақысымен бірдей. Яғни бізде сот корпустары, әскери адамдар және құқық қорғаушылардан басқа, эксклюзивті зейнетақы жоқ», — деді Әйтімова сенатта БЖЗҚ басшылығымен өткен кездесуден кейін.

Осы орайда журналистер жуырда ғана Елбасының жарлығымен зейнетке шыққан ҚР президенті әкімшілігінің бұрынғы басшысы Әділбек Жақсыбековтің зейнетақысы қанша деп сұрады.

«Менікінен көп екеніне күмәнім бар. Егер тек оның қорғаныс министрі болғанын ескермесек», — деп күлді сенатор.

Back to top button