14 Қыркүйек, 11:40 794 0 Білгенге маржан Назым Тойлыбаева

Түркістан облысының жаңа гербіне байқау жарияланды

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің жаңа гербінің үздік эскиздік жобасына байқау жарияланды, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Түркістан облысының гербіне үздік эскиздік ұсыныстар 2018 жылдың 3 қазан күні сағат 16:00-де қаралады.Оған қатысу үшін байқау 2018 жылдың 1 қазанына дейін Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасына тапсырылуы қажет (sauletuko@yandex.ru, 53-95-56). Жеңімпаздар дипломмен және қаржылай сыйлықтармен марапатталады. Жалпы жүлде қоры - 1 миллион теңге.

Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатысады. Байқау талаптары: түсініктеме жазба, эскиздің мақсатын айқындайтын негізгі сызбалар, компьютерлік кескіндеме немесе түрлі-түсті бояумен салынған суреті, жобалар көлемі 90х60 см планшеттерге орналастырылуы қажет.   Байқауға қатысушылардың ұсыныстарын республикаға белгілі сәулетшілер мен сала мамандары саралайтын болады.

Соңғы жаңалықтар