Сәрсенбі, 7 Желтоқсан, 2022

Қырғызстан Тәуелсіздік күнін тойлап жатыр

Қырғызстанда бүгін ел тәуелсіздігінің 27 жылдығын тойлап жатыр. Бішкектің бас алаңында президент Сооронбай Жээнбеков қырғызстандықтарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Сооронбай Жээнбеков ел дамуы көп жағынан әрбір азаматтың отансүйгіштігіне байланысты екенін айтты.

«Ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясында адам капиталы дамудың негізгі ресурсы ретінде белгіленген. Оны барынша пайдалану үшін адам еркіндігін, кәсіпкерлік, шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету қажет. Барша салада еркін бәсеке қалыптасады. Еркіндік мемлекет дамуына арқау болатын жоғары құндылық, ресурс болады. Адамдардың экономикалық және саяси еркіндігі қамтамасыз етіледі. Біз елде еркін сайлау құқын қамтамасыз етеміз», – деді Қырғызстан президент.

Ол билік органдарының мәнін айқындайтын басты мақсат халыққа қызмет ету, сыбайлас жемқорлықты жою екендігін атап көрсетті.

С. Жээнбековтің айтуынша, Қырғызстан сыртқы саясатта көрші елдермен достқ қатынастарын нығайтады.

«ЕҚЫҰ, ҰКШҰ, ШЫҰ, ТМД секілді интеграциялық бірлестіктер аясындағы конструктивтік саяси-экономикалық ынтымақтастықты дамытамыз», – деді ол.

 

 

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button