Ауыр атлетикадан ел чемпионатына Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло қатысады

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы республика чемпионаты басталды. Оған Александр Зайчиков, Денис Уланов, Жазира Жаппарқұл, Карина Горичева сияқты танымал спортшылардың бәрі қатысуда, деп хабарлайды Хабар 24.

Сондай-ақ допинг дауына байланысты додалы жарыстардан біраз уақыт шеттеп қалған даңқты спортшылар Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло да жұрт алдына қайта шығады. Бұл турнир қараша айында Ашхабадта өтетін әлем чемпионаты алдындағы іріктеу кезеңі болмақ. Жарыс қырқүйектің 2-сінде аяқталады.

«Жарысқа қатыспағаныма біраз уақыт болды. Сондықтан бірінші мәрте шығатындай қобалжып тұрмын. Шынымды айтам. Бірақ өзіме сенімдімін. Бәрі де дұрыс болатын шығар», – деді ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы  Илья Ильин.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button