Ақтауда теңізге кете жаздаған үш адам құтқарылды

Ақтауда су ағыны үш ер адамды ашық теңізге қарай әкетіп, олар жағаға өз бетінше жете алмай қалған, деп хабарлайды lada.kz Маңғыстау облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

4 тамыз күні үш ер адам пластмасс тақтамен теңізге шығып, өз беттерінше жағаға қайта алмай қалған. Оқиға жөнінде 17.45-те хабарлама келіп түскен.

«Бұл жағдай теңізде болған. Құтқарушылар 17:58-де оқиға орнына барып, олардың жағаға шығуына көмектесті», – деді жедел құтқару жасағының өкілі.

Back to top button