Дүйсенбі, 26 Қыркүйек, 2022

Павлодар облысында 34 жастағы әйел суға батып кетті

Ақтоғай ауданы Әбжан ауылында 34 жастағы әйел суға батып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің  мәліметінше, оқиға 5 тамыз күні болған.

«Ертіс өзенінің тармағында сағат 16.45-те 1984 жылы туған әйел суға батып кеткен. Әйелдің денесін жергілікті тұрғындар сағат 18.05-те судан алып шықты. Оқиға шомылуға орнатылмаған жерде  орын алды», – деді баспасөз қызметінде.

Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарын жазғы маусымда су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтап, шомылуға рұқсат етілген жерлерде ғана демалуды сұрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button