Сургут қаласы тұрғындары құлап бара жатқан метеоритті көрді

Ресейдің Сургут қаласы тұрғындары жер бетінде сирек кездесетін құбылыстың куәгері болды. Олар құлап бара жатқан метеоритті көрген, деп хабарлайды Хабар 24.

Куәгерлердің айтуынша, ғарыш денесі қаланың үстінен көзге ілеспейтін тез жылдамдықпен өткен. Тұрғындардың көбісі оны беймәлім ұшатын дене деп ойлаған. Алайда аймақтың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бұл жағдайға қатысты ешқандай ресми мәлімдеме жасамады. Айта кету керек, тамыздың соңында Персеид жұлдыздар ағынын тамашалауға болады. Мамандардың айтуынша, 13 тамыз күні сағатына жүздеген жұлдыз төменге қарай жылжиды.

Back to top button