Мексикада ұшақ апатқа ұшырады

Мексикада ұшақ апатқа ұшырады

Мексикада ұшақ апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
Aeroméxico әуе компаниясының жолаушы ұшағы Мексикада апатқа ұшырады. Embraer 190 ұшағы Дуранго – Мехико бағыты бойынша ұшып келе жатқан, бортында 97 жолаушы және экипаждың төрт мүшесі болған, деп хабарлайды centralasian.org. Биліктің мәліметі бойынша, әуе апатынан қаза тапқандар жоқ, 85 адам жараланған. Ұшақ Дуранго қаласының әуежайынан ұшып шыққанына бес минуттан соң, жергілікті уақытпен сағат 16.00-де құлаған. Апаттан соң билік ұшақтағылардың барлығы аман екендігін хабарлады. "Aeromexico 2431 рейсіндегі жолаушылардың барлығы аман екенін растаймын", – деп жазды Дюранго штатының губернаторы Хосе Айспиро өзінің Твиттерінде. Ол қазір билік зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатқанын да хабарлады.