Ту тігудің де тәртібі бар

Сондай-ақ!

БАҚ: Джо Байден – АҚШ-тың сайлау тарихында 80 млн дауыс жинаған алғашқы үміткер

Демократ Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауы тарихында 80 миллион дауыс жинаған алғашқы кандидат атанды. NBC телеарнасының есебінше, Байден  80 013 916 дауыс, ал Дональд Трамп...

4,6 миллиард адамның өмір бойы жиған дәулеті санаулы миллиардердің байлығына жетпейді

Жақында Oxfam ұйымы қызық статистиканы жариялады. Дүние жүзіндегі 4,6 миллиард адамның қаражаты 2153 әлемдік миллиардердің дәулетіне жетпейді. Тіпті олар  күніне 10 мың доллардан ғұмырының...

Мәжіліс Азия даму банкінен 1,5 млрд теңге несие алуды мақұлдады

Қазақстан COVID-19 пандемиясымен күресу және келесі жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыру бойынша Азиялық даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,5 млрд теңге несие алады....

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 59 миллионнан асты

Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 59 168 889-ға жетті. Джонс Хипкинс университетінің соңғы дерегі осындай.  Университет мәліметінше, пандемия басталғалы індеттен 1 396 359 адам көз...

«…Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел, Орныңа орыс, қазақ таласып жүр» деп шырқаған Мәриям Жагорқызын жұрттың бәрі жақсы біледі. Көбі бұл әнді жатқа айтады. Футболдан таяуда Ресейде өткен әлем чемпионаты да қазақ қоғамының әлі балаңдығын, мойнына бір киген отаршылдық қамытын әлі күнге сыпыра алмай келе жатқан бейшара халін анық аңғартты. Кафе мен мейрамханаларда орыс, қазақ болып Ресей құрамасына жапа-тармағай жанкүйерлік танытқанын былай қойғанда, спорт комментаторларымыздың талайы Ресейдің әрбір жеңісінен кейін теңеуге сөз, айтуға мақтау таппай қиналғаны тағы бар. Мақтауын бір-бірінен асырып түсті.

Мәриям Жагорқызының назы ішкі өкінішпен шектесіп жатса, талай қазақ журналистерінің лебізінен аңғарылғаны тамыры бір, тағдыры шынымен «ортақ» туысқанның гәбінен аспандай асып, дауасыз Жантықпен жақын маңға қос тіккен. Әйтпесе, өзінің ұлттық құрамасы емес, көрші болса да – есігі басқа, сыры ортақ болса да – сақасы бөтен жұрт, Ресей үшін жаны неге күйзелуге тиіс?! Қазақ үшін алыс аралдағы Исландия да бір, іргедегі алып Ресей де бір емес пе?! Сол әлем чемпионатының өкпек желін өзіміздің Алматыдан да аңғарғанбыз.

Алматы қаласының Мақатаев көшесі бойында орналасқан «Намедни» орыс-грузин мейрамханасы Жапония, Канада, Израиль, Венгрия, АҚШ, Аустралия, Швейцария және Швеция елдерінің туларын аспандата іліп қойған. Істің мән-жайын анықтау мақсатында аталған мейрамханаға барып, бұл істің заңға қайшы келетінін айтуға тырысқанбыз. Мейрамхана басшылығы орнында болмады.

– Тулар 1 маусым күні, Әлем чемпионатына орай ілінді. Бүгін кешке алып тастаймыз, – деп уәде берді мейрамхана администраторы Нона Рахимова.

Араға төрт күн салып барғанымызда, желге ұшқан сөз бен желбіреген туды қайта көрдік. Былай қарасаңыз, ешкімге кедергі келтіріп тұрған жоқ бұл тулар. Хош, чемпионатқа арнап ілінді дейік. Турнир басталмай тұрып он күн бұрын ілінгеніне және мундиальдың біткеніне талай уақыт өтсе де салбырап тұрғандығына да көз жұмайық. Бірақ, бірақ… Осы тұста қазақтың бауырмалдығы мен аңқаулығын көпе көрнеу теріс пайдалануды жүрегіңіз сезбей ме?! Жердің иесі – қазақ, елдің иесі – қазақ. Ол бәрімен дос, бауыр. Біздің халықаралық қауымдастық жоғары бағалайтын ішкі заңдарымыз бар. Бірақ оны ескере бермейтіндер тым көп, өкінішке қарай.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы Заңының  5-бабында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын және басқа да туларды Қазақстан Республикасының аумағында бір мезгілде пайдалану туралы былай делінген:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды.

2. Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс.

3. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады.

Демек, мейрамхананың бұл іс-әрекеті ҚР Заңына қайшы. Ауылды жерлерде өз ұлтының туын қоршауына жабыстырып, қазақтармен араласпай, өзі сияқты өзге ұлт адамдарымен ғана сөйлесетіндер де бар. Физиологиялық тұрғыда кедергі келтірмегенімен, жаныңа рухани сызат түсіретіні рас. Ойлап қарасаңыз, біз оның дінін де, тілін де, өзін де бөліп жатқан жоқпыз. Ұлты бөлек болғанымен, мемлекетіміз бір. Ал Ту – мемлекеттілікті білдіретін рәміз.

«Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселерден оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық» дейді емес пе Абай?! Ұлты мен діні бойынша өзін жоғары ұстау, расында, ақымақтықтың белгісі.

Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғаннан кейін, тұрақтылық пен бейбітшілік біздің басты байлығымыз. Осы тұста Елбасы ұлттық сана идеясын ұсынды. Ондағы негіз – кез келген азаматтың өзі өмір сүріп жатқан Отанына деген құрметін арттыру. Жалпы, тұлғаның ұлттық сана-сезімі – өзінің қандай да бір этностық қауымдастыққа қатыстылығын түсінуі және саналы түрде сезінуі. Ұлттың, ұлыстың өкілі ретіндегі күрделі бейнесі. Ол адамның адамгершілік, діни-нанымдық, эстетикалық, кәсіби және өзге де сана сезімдерімен біте-қайнасып жатады.

Ал жоғарыда аталған жағдай мемлекеттік санаға мүлдем қарама-қайшы дүниелер. Қазіргі қоғамның ойлау жүйесін тану үшін көп ақылдың қажеті жоқ. Аз жасап, аз көрген бізге байқалып тұрса, көп біліп, көп көрген аға-апаларымыздың іштері өртеніп тұрған шығар. Алаңғасар қазақ бұрыннан өзінен бұрын өзгенің көңіліне қараған. Басқаның бақытын өз бақытындай көрген. Тіпті, қоғамдық көлікте өз баласына ұрысқан өзге ұлт өкілін көрмейсіз. Балам басқаларға кедергі жасамасын деумен қатаң тыйым салып, ұрсып отыратын қазақтар ғана. «Біреуге пайдам тимесе де, зияным тиіп кетпесін» деген үлкен тәрбие жатыр мұнда. Тек осыны бағалайтын қаны бөлек болса да ақпейіл, шынайы дос бар ма?!

Қазақ қарапайым халық. Сол қарапайымдылығының кесірінен бүгіле береді. «Намедни» бір ғана мысал. Бұл сияқтылардың әлі мыңдағаны табылады. Қазақ елінің болашағына қауіп төндіретін дерттің бірі – осы.

Редакция таңдауы

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Қазақ каскадері «Таурус» сыйлығын алды

Nomad Stunts каскадерлар тобының негізін қалаушы, каскадер, актер Жайдарбек Күнғожинов Әлемдік каскадерлар академиясының (АҚШ) «Таурус» премиясын жеңіп алды. Жайдарбек Күнғожинов каскадерлар арасында «Оскар» сыйлығына теңелетін...

Біреуге ақыл, біреуге ақша керек

Қазір мобильді құрылғылар мен әлеуметтік желі өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Биыл әлемде 4,5 млрд адам интернетке жүгінген. Қазіргі таңда жер бетіндегі халықтың жартысынан...

Арғынбек Шегебай: Facebook қызметкерлері Цукербергке сын айта алады

2004 жылы Гарвард университетінің бір топ студенттері ойлап тапқан Facebook желісін бүгінде күн сайын дүниежүзі бойынша екі миллиард жеті жүз миллионға жуық қолданушы пайдаланады....
мас күйінде көлік жүргізген

23 жасар атыраулық қыз Instagram әлеуметтік желісі арқылы полиция қызметкерлерін балағаттаған

Атырауда мас күйінде көлік жүргізген 23 жастағы қызды ұсталды. «24 қараша күні 01:35-те...

Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3 млрд теңге қайтарды

«БТА Банкі» АҚ Директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әбілязовтің сыбайласы Қазақстанға 6,3...

Ұлттық банк теңгенің нығаюын түсіндірді

Апта басында бір долларға шаққандағы бағам 427,98 теңге болса, бүгін ұлттық валюта...

Елбасының Nur Otan партиясы съезінде сөйлеген сөзі (видео)

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті...

Перзентханада ауысып кеткенін 35 жылдан кейін білген қазақстандықтар сотқа шағымданды

Павлодар облысының тұрғындары Ержан Қуанышев пен Нариман Хамитов кезінде перзентханада ауысып кеткендерін 35 жыл...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...