ҚАРА ШАЛДЫҢ ҚАЙҒЫСЫ

Сондай-ақ!

«Алты мұғалім мен 22 оқушыдан Соvid-19 анықталған» Павлодар облысының бір ауылы карантинге жабылды

Павлодар облысында тағы бір ауыл карантинге жабылды. Себебі Қайырбаев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің алты мұғалімі мен 22 оқушысына Соvid-19 диагнозы қойылды. Осыған...

«Денесі құрысып қалады». Дәрігерлер ұшақта жағдайы нашарлаған бала туралы айтты

Ұшақ бортында өзін нашар сезінген бала өте ауыр хәлде жатыр. Дәрігерлер сәбиді бірден жасанды тыныс алдырту аппаратына қосты. Бұл туралы Маңғыстау денсаулық сақтау басқармасының...

«Екі адам тірідей өртеніп кетті» Шығыс Қазақстан облысында өрт шықты

Шығыс Қазақстан облысында егде жастағы ер адам мен әйел өз үйінде өрттен көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша өртке сөндірілмеген темекі себеп болған, деп...

«Біртіндеп ұмытыла бастады». Нұрсұлтан Назарбаев видеоүндеу жариялады

Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық қауіпсіздік және жаһандық ядролық диалогты қалпына келтіру мәселелері жөніндегі халықаралық онлайн-конференцияға қатысушыларға арнаған видеоүндеуі жарияланды, - деп хабарлайды turkystan.kz сайты Tengrinews.kz...

Қайыстай қатқан қара шал уақыт өткізе алмай, сүйретіліп орнынан тұрды да терезенің алдына барып, ауладағы әткеншек жанындағы арқалы орындыққа көз жіберді. Ешкім жоқ. Жасы өзі шамалас Сүйіндік ақсақалды іздеген түрі бұл. Анда-санда екеуі аулаға шығып, әлгі көзбен сүзген орындықта күнұзақ оны-мұнының басын шалып  уақыт өткізіп, әңгіме-дүкен құрып отыратындары бар. Сол Сүйіндік шал бір жұма болды, төбе көрсетпейді. «Мүмкін Сарышығанаққа, кенже баласына кеткен шығар. Ана жолы соларға барып қайтпасам болмас деп отыр еді ғой».  Қара шал өзін осылай жұбатты.

Күннің көзі де ашылмай қойды. Аспан түнеріп, оқтын-оқтын жаңбырымен төпелейді. Ауа райының осындай сәтінде адамның да сыртқа шыққысы келмей, кежегесі кейін тартып тұрады емес пе?! Бөлмедегі жалғыз орындыққа қайта келіп жайғасты. Салып ұрып Сүйіндік шалдың пәтеріне жетіп баруды көңілі қош көрмеді. «Ауылда болса бірсәрі, қалада жақын адамдардың өзі бір-біріне жиі бас сұға бермейді. Ұят болар, желпілдеп жетіп барғаным…».

Жасы келген көрші-қолаңмен қара шалдың әңгімесі жарасқан емес. Осы үйге көшіп келгендеріне екінші жылға кетіп барады, бірақ Сүйіндік шал сияқты шүйіркелесетін ешкімді тапқан жоқ. Үлкені де, кішісі де шүлдір-шүлдір. Сол себепті олармен тілдесуі «здрәстиден» ары аспайды. Одан артық сөзді қара шалдың өзі де білмейді. Өмір бойы қазақтардың ортасында тұрған  қара шал ауылдан ұзап шықпаған болатын. Малын жайлап, құрт-май, жал-жаясын жеп, жалпақ дүниенің қожайыны іспетті емін-еркін жүрген еді, түлен түртті ме, кім білсін, табан астында «қалалық» болып шыға келді. Бәрін бастаған жалғыз тұяғы – Сәкен. «Қартайғанда ауылда не бар, одан да барлық жағдайы жасалған қаладағы үйде тұрғандарыңыз жөн», – деді де, бір кештің ішінде келіп, әп-сәтте қолдағы малын сатқызып, қалаға көшіріп әкетті.

Қарттыққа мойынұсынса да, қара шал біреуге күні түсіп отырмаған болатын. Төрт түлігі сай еді. Ауылдағылардың ішінде бақуаттысы болатын. Он шақты сиыры мен жылқысын, отыздың үстіндегі уақ малды баласымен ере  келген алыпсатарлардың алдына салып берді. Олар сөзге келген жоқ, сұраған ақшасын алақанына тастады. Қара шал алғашында баласының бұл қылығына ашу шақырып еді, кемпірі сабасына түсірді. «Осы жасқа дейін бейнетті көрдік қой, енді зейнетті көрейік», – деп отырып  алсын. Осылай деген соң сөзін жерге тастай алмаған.

Қолға тиген ақшаға баласы адам айналып жүре алмайтын осы ескілеу бір бөлмелі пәтерді, жүргенінен тұрғаны көп көне «Жигулиді» сатып алды. «Мұның қалай?» деген әуелде, «Жұмыссыз жүргенімді білесіз ғой, адам тасып, ақша тапсам» де-е-е-е-еп тұр.

Жалғыз баласы алғашқы айда үздік-создық келіп тұрды да, кейінгі уақытта қарасын тіпті үзді. «Жұмыс көп» деп сылтауратады. Алғашқыда ұлының мұндай жауабына әдеттегі мінезіне басып буырқанғанымен, «Солай болса солай шығар, итім біліп пе» деп басылған.

Ең ауыры – осында көшіп келген соң кемпірін қара жер қойнына тапсырғаны. Қалаға үйрене алмады ма, әлде ауасы жақпады ма, кім білсін, көшіп келгеннен бастап жиі-жиі сырқаттана берді. Ақыры ауру алып тынды. Қалада кімі бар дейсің, ауылға апарып арулап жерледі. Кемпірінің көзі тірісінде дәл бүгінгідей елегізи қоймайтын. Кемпірімен бір уақ шәй ішіп, әжің-күжің әңгімелессе де қайда жатыр?!. Ал қазір уақыт тіпті өтпейді-ақ.

Осындайда қара шалдың есіне ауылдың өкпе тұсындағы төбе түседі. Ақсақалдар мал өрістен қайтардан ертерек барып, алқа-қотан жайғасып алып, қойқаптағы әңгімені қозғайтын. Ауылдың кәкүр-шүкір әңгімесінен басталып, елдің жаңалығына ұласатын. Бәрі де бір-бірінен асып түсетін әңгімешіл. Бұлардың қасына бала-шаға да үйір. Олар да ойынды жиып қойып, бір қызық хикаядан  қалып қоятындай  төбе басына асығатын. Ақсақалдар да оларды әсте қуалай қоймаушы еді. «Қазақтың қара сөзіне қаныға берсін, бізден естімегенде кімнен естиді» дейтін.

«Е-е, ол да бір дәурен екен ғой. Бір мезгіл ашылып әңгіме айтатын адам таба алмағаннан ауыры жоқ». Қара шал ауыр күрсінді.

Алда-жалда дәл осындай күйге түсемін деп ол әсте ойлаған емес. Бір мезгіл теледидарға телміргенімен, оның да қазақша жарытып жатқаны шамалы. Мал соңында жүріп, құс ұйқылы болып кеткендіктен шығар, таң атпай тұрып алады да, төрт қабырғаға сыймай ары-бері теңселіп жүргені сол.

Терең ойға беріледі. «Құдайым-ау, мені қойшы, мына баламның, ана немерелерімнің ертеңгі күні не болмақ? Сыртқа шықсақ, түрі қазақ, сөзі бөтен адам көп. Алғашқыда аңдамай бір-екеуіне ақыл айтамын деп, аузымның күйгенін айтсаңшы. Ойпыр-ай, бір ауыз қазақша білмейді-ау… Біз сияқты төрінен көрі жақын, қазақтың қара сөзінен бал ағызатын шалдар да жарық дүниеден өтер… Содан кейін ше? Әке мен бала бір-бірімен ана тілінде еміреніп сөйлесе алмаса,  қайғының үлкені сол емес пе?». Осыны ойласа, қара шалдың қабырғасы қайысады.

Өлімнен қорқып отырған қара шал жоқ. «Нағыз қазақы әңгіменің бүкіл қайнарын өзімізбен бірге о дүниеге алып кетеміз бе?» қауіпі сол. Қайғысының үлкені осы. Оның бұл қайғысын шүлдір-шүлдір сөйлесіп жүргендер қайдан түсінсін?!. Алда-жалда ести қалса, «Мына дед «чокнутый шығар?» дер.

Қара шал тағы да ауыр күрсінді. Қайғысы да ауыр.

Ғалым ОМАРХАНОВ

АСТАНА

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Алматының аруы – Асият (фото)

 «Алматы аруы – 2020» байқауының жеңімпазы болып 20 жастағы  Асият Исембаева танылды....

Адамдарды вакцина арқылы чиптеу мүмкін бе – сарапшы пікірі

Коронавирусқа қарсы ресейлік «Спутник V» вакцинасының құрамында халықты чиптеуге арналған құрамдас бөліктер...

Маңғыстауда 3 күн теңізде болған жұмысшылар құтқарылды

Маңғыстау облысында 3 күн теңізде болған 7 жұмысшы құтқарылды. Басылымның мәліметінше, жеке...

Ертең Түркістанда Hazret Sultan Airport әуежайы ашылады

1 желтоқсанда Түркістандағы Hazret Sultan Airport халықаралық əуежайында алғашқы рейс ашылады, деп...

«Nur Otan» партиясының қатары талантты азаматтармен толықты (видео)

Тұңғыш Президент күні қарсаңында елордада «Nur Otan» партиясына салтанатты қабылдау өтті. Билеуші...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...