Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағының өкілдерімен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағының өкілдерімен кездесті

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағының өкілдерімен кездесті
ашық дереккөзі
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев одақтың төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған «Қазақстан жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды. Кездесу барысында Қазақстанның Жазушылар одағының жаңа шығармашылық жобалары мен қазіргі мәселелері талқыланды. Қазақстанның жазушылар одағы - еліміздің әдебиетші қауымын біріктіретін республикалық қоғамдық бірлестік формасындағы шығармашылық ұйым. Жазушылар одағының құрылымында қазақ, орыс, ұйғыр (1932 жылдан бастап), неміс және кәріс (1977 жылдан бастап) әдебиеті бойынша шығармашылық секциялар бар. Өңірлік құрылымында - Астана, Қарағанды, Семей, Орал, Шымкентте 5 облысаралық бөлімшелері бар.