Қостанайда «Ежелгі Тараз қазыналары» атты көшпелі көрме ашылды

Жамбыл облысының тарихи жәдігерлерін қостанайлықтар да тамашалай алады. Қостанайда «Ежелгі Тараз қазыналары» атты көшпелі көрме ашылды. Рухани жаңғыру аясында ұйымдастырған шараның басты мақсаты – еліміздің тереңнен бастау алатын бай тарихымен таныстыру.

Екі мың жылдық шежіресі бар көне шаһардың қойнауынан табылған археологиялық олжалардың қай-қайсысы да құнды. Көрермендер назарына Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-қорық музейінен іректеліп алынған 250-ге тарта жәдігер ұсынылған. Олардың ішінде қыш, қоладан бастап, алтын, күміс, мыстан жасалған бұйымдар да бар. Көне дәуір мұраларын топтастырған көшпелі көрме. Қостанайда төрт күн бойы көрсетілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button