Грекиядағы өрттен қаза тапқандар саны 50 адамға жетті

Грекиядағы өрттен қаза тапқандар саны 50 адамға жетті

Грекиядағы өрттен қаза тапқандар саны 50 адамға жетті
ашық дереккөзі
Афинаның қарағайлы орманын шарпыған өрт салдарынан қайтыс болғандар саны 50-ге жетті. Олардың арасында балалар бар. Бұл туралы Би Би Си Нюз хабарлады. Ал сыған дейін 24 адамның ажал құшқанын хабарлаған едік. Тағы 100-ден аса кісі түрлі деңгейде жарақат алды. Дәрігерлердің айтуынша, олардың көбісінің халі нашар. Жалын шаһардан 50 шақырым жердегі таулы ауданда тұтанған. Бірақ лаулаған жалынның түтіні Афинаға дейін жеткен. Айта кетейік, тілсіз жаумен күресуге 600-ден аса өрт сөндіруші, 5 тікұшақ пен 300 техника  жұмылдырылды. Бірақ мамандар қатты жел оны сөндіруге кедергі келтіріп отырғанын айтады. Тұтанған жалын салдарынан қала қалың тұман астында қалды. Жергілікті билік Афинаның солтүстік-шығысы мен батыс бөлігінде төтенше жағдай жариялады.