Ашхабадта алкоголь өнімдерін сататын сауда нүктелері жабылып жатыр

Азатлыктың Ашхабадтағы тілшісі Түркіменстан астанасында алкоголь сататын дүкендер жаппай жабылып жатыр деп хабарлады.

«8 шілдеден бастап алкоголь өнімдерін сататын «Мир-1″ шағын ауданындағы базар жабылды. Мұнан бөлек коммерциалық дүкендер де жабылған. Бірақ кешкі 20.00-ден кейін кейбір дүкендер қайта ашылды», – дейді Азатлык тілшісі.

Келесі күні жергілікті тұрғындар хабарлап, қара базарда доллар бағамы күрт өсіп, бір доллардың 12 манат болғанын айтты. Ал Түркіменстанның Орталық банкінде 2005 жылы бекіткен бағам бір доллар – 3.5 манат күйінде тұр.

«Доллардың өсуін көбі алкоголь өнімініне тыйым салумен байланыстырып отыр. Бірақ бұл шындыққа сәйкес келмейді. Алкоголь сатушылардың валюта нарығына қатысы жоқ», – дейді Ашхабад тұрғынының бірі.

Back to top button