ҰБТ-дан бірде-бір балл ала алмаған түлек

Семейлік түлек ҰБТ-дан бірде-бір балл ала алмаған, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Семей қалалық білім бөлімінің жетекшісі Наталия Фесенко баспасөз мәслихатында ҰБТ-ның үш кезеңінің қорытындысы бойынша түлектердің орташа көрсеткіші 84,7 балл болғанын мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, қала мектептерінің бірін тәмамдаған оқушы қыз сынақтан бірде-бір балл ала алмаған.

«Мемлекеттік комиссия мүшесі ретінде тест жұмысын орындамай, уақытын күтіп отырған кейбір балаларды көрдім. Олар ата-анасынан көмек күтіп отырған сияқты. Бірақ сол күйінде көмек келмеген. Әйтпесе 11 жыл мектепте білім алып шыққан қыз сұрақтардың бірде-біреуіне жауап бере алмағанын қалай түсінуге болады?», – деді ол.

Оның айтуынша, ведомство өкілдері ата-аналарға ұялы телефон мен шпаргалкаға сенудің қажеті жоқ екенін талай ескерткен.  «Ұялы байланысты тіпті істемеді. Ал өздері сенген шпаргалкалары тәркіленіп, нәтижесінде одан да көмек болмады. Бұл заттардың сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін ойлануға, дайындалуға кедергі келтіретіні ғана дәлелденді», – деді Наталия Фесенко.

Back to top button