Астана БҰҰ-ның ақылды қалалар жобасына қосылды

Астана БҰҰ-ның ақылды қалалар жобасына қосылды

Астана БҰҰ-ның ақылды қалалар жобасына қосылды
ашық дереккөзі
308
Елорда БҰҰ бастамашылық жасаған «тұрақты ақылды қалалар салу мақсатында күш біріктіру» жобасына қосылу туралы ресми хат алды. Хатты бүгін елордада өтіп жатқан Жібек жолы елдері қалаларының мэрлер форумы аясындағы сессия барысында «Руский углерод» қорының жетекшісі Алексей Шадрин табыстады. «Өз бастауын сонау 19-ғасырда құрылған Халықаралық телеграф қоғамынан алатын және 1947 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі саналатын Халықаралық электрбайланыс одағының тұрақты ақылды қалалар жөніндегі алдағы уақытта серіктесі ретінде Астананың аталған саласындағы бастамаға қосылғаны және тұрақты ақылды қалалардың KPI-ін енгізгендігі туралы хатты табыстайтындығыма қуаныштымын», - деді ол. Аталған жаңа халықаралық бастамаған Астананың қосылғандығын дәлелдейтін хат Astana Innovations басшысы Әлішер Әдбіқадыровқа табысталды. Айта кетейік, форумның жалпы отырысы ертең өтеді. Оған Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, адам кейпіндегі ең бірінші гиноид София роботы, Жібек жолы бойы қалаларының мэрлері қатысады деп күтілуде.  

Серіктес жаңалықтары