Биыл бес пән бойынша орташа балл 83,1-ді құрады

Биыл бес пән бойынша орташа балл 83,1-ді құрады

Биыл бес пән бойынша орташа балл 83,1-ді құрады
ашық дереккөзі
217
Қазақстанда 98 698 бітіруші елдің басты емтиханын тапсырды.Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеу» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов айтып берді. «Жалпы, биыл ҰБТ 167 пунктте өткізілді. Соның ішінде колледждер базасында - 3, жоғары оқу орындары базасында - 48, мектептер базасында - 116 пункт болды. Биыл ҰБТ тапсыруға 102447 өтініш берілді. Соның 77224-і қазақ тілінде, 25177-сі орыс, ал 46-сы ағылшын тілінде тапсыру ниетін білдірген. Іс жүзінде биыл 98698 бітіруші ҰБТ тапсырды, былтыр бұл көрсеткіш 88583 болатын», - деді ол. Рамазан Әлімқұловтың айтуынша, 9 мектеп бітірушінің тапсырған емтихан нәтижелері күшін жойған. Шектік деңгейден 84065 бітіруші өтті, ал осы межені бағындыра алмағандар саны - 14633. Биыл бес пән бойынша орташа балл 83,1-ді құрады (2017 жылы бұл көрсеткіш 80,5 болатын). Биыл ең жоғары балл да былтырғыдан бір саты жоғарылап, 140 балға жетті.        

Серіктес жаңалықтары