Экспорт әлеуеті артады

Экспорт әлеуеті артады

Экспорт әлеуеті артады
ашық дереккөзі
Қазақстан ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын арттыруды көздеп отырғаны белгілі. Бұл ретте мемлекет­аралық уағдаластықтар жасала бастады. Парижде Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымының 86-шы жалпы отырысы өтіп, оған осы ұйымға мүше 180 ел мен халықаралық және аймақтық ұйым өкілдері қатысты. Оның ішінде Қазақстан делегациясы да бар. Осы басқосу барысында Қазақстан Республикасының ветеринарлық қызметі Қытай, Иран, Түркия, Израиль және Жапонияның бас мал дәрігерлерінің қатысуымен екіжақты жұмыс кездесулерін өткізді. Тараптар мал шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан сыртқы нарықтарға экспорттау мәселелерін талқылады. Мәселен Қазақстан маусым айында сиыр етін Қытайға экспорттауға қойылатын талаптар туралы хаттама түзілді. Сондай-ақ, Қазақстаннан Иранға сиыр еті мен ірі қара мал экспортына ветеринарлық сертификаттар келісілді. Сонымен қатар, отырыс аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мен ХЭБ Бас директоры Моника Элуа келіссөздер жүргізді. Қазақстан тарапы республиканың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында ХЭБ халықаралық стандарттарына сәйкес ауруларға, аймақтарға бөлу және бөліп-бөліп беру жөніндегі ресми мәртебесін алу жоспарларымен бөлісті. ХЭБ сарапшылары, өз кезегінде, Қазақстанның бастамаларына консультативтік көмек көрсетуге дайын екендіктерін айтты. Еске сала кетейік, ХЭБ шешіміне сейкес, Қазақстан аумағы аусылдан босатылған аумақ және жылқылардың африкалық оба ауруынан босатудың ресми мәртебесін алған болатын. Бұл өз кезегінде, ДСҰ елдерімен тірі жануарлар мен мал шаруашылығы өнімдерінің халықаралық саудасын өткізу мүмкіндігін береді. Вице-министр Париж қаласында француз етін өндірушілер мен өңдеушілер қауымдастығымен кездесті. Қазақстан Республикасындағы ет саласының дамуы туралы тұсаукесерінен кейін француз инвесторлары Ресей мен Қытай нарығына өнімдерді экспорттауға мүмкіндік беретін Қазақстанда ет өңдеу кәсіпорындарын құруға қызығушылық танытты. Әлемдегі ең ірі вакцина өндірушісі – Boehringer Ingelheim Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің аумағында төрт түлік арасында кең таралған ауруларға қарсы жоғары сапалы вакциналарды өндіру мүмкіндігін қарастыруда.