Өзбекстанның бұрынғы саяси тұтқыны Мұхаммад Бекжан Түркияда кітап шығарды

Өзбекстанның бұрынғы саяси тұтқыны Мұхаммад Бекжан Түркияда кітап шығарды

Өзбекстанның бұрынғы саяси тұтқыны Мұхаммад Бекжан Түркияда кітап шығарды
ашық дереккөзі
Стамбулдың Йитик шифо (Yitik Shifa) баспасы өзбек журналисі, бұрынғы саяси тұтқын Мұхаммад Бекжанның "Қўрқувнинг нариёғида" ("Қорқыныштың келесі жағы") деп аталатын кітабын басып шығарды. Өзбек тіліндегі кітап тиражы - 10000 дана, деп хабарлайды centralasian.org. Мұхаммад Бекжанның айтуынша, кітаптың оры тіліндегі нұсқасы жақын уақытта жарық көреді. Кітап 18 жылын Өзбекстан түрмесінде өткізген Бекжанның естеліктерінен тұрады. Мұхаммад Бекжан – оппозициялық "Эрк" газетінің бұрынғы редакторы, Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримовтың басты қарсыласы Мұхаммад Салихтың інісі. Оны 1999 жылы наурызда өзбек арнайы қызметі Киевте заңсыз ұралп әкетіп, ұшақпен Ташкентке жеткізді. Елде оны сол жылы болған жарылысты ұйымдастырды деп айыптады. Өзбек соты Бекжанды 15 жылға түрмеге қамады. Сотта ол тағылған айыптарды жоққа шығарып, тергеу кезінде өзін азаптағанын мәлімдеді. 2011 жылы бостандыққа шығуына бір ай қалғанда билік оның қамаудағы мерзімін тағы 4 жыл 8 айға созды. Мұхаммад Бекжан 2017 жылы 22 ақпанда босап шықты.