“ЖЕР ЖОМАРТ, ЖЕРГЕ СЕНГЕН ЕЛ ЖОМАРТ”

“ЖЕР ЖОМАРТ, ЖЕРГЕ СЕНГЕН ЕЛ ЖОМАРТ”

“ЖЕР ЖОМАРТ, ЖЕРГЕ СЕНГЕН ЕЛ ЖОМАРТ”
ашық дереккөзі
558
  Ал оның 90 пайызының әлеуметтік – экономикалық жағдайы ауыл шаруашылығына оның ішінде күріш өндірісіне тікелей байланысты. Өйткені күріш Сыр өңірінің бренді болып саналады. Есептеулер бойынша, облыста жылына 290-350 мың тоннаға дейін күріш саласы өндіріледі. Бұл елімізде барлық өсірілетін күріш егісінің 80 пайызы. Аймақтың жер және климаттық жағдайы ауыл шаруашылығы дақылдарының көптеген түрлерін өсіруге мүмкіндік береді. Алайда, кей жылдары орын алатын, әсіресе мамыр айының орта кезі мен қыркүйек айының бас кезінде күрт түсетін суық егіншіні сынап алатыны бар. Демек облыстың егін шаруашылығы тәуекелді болып келеді. Өңірде жалпы егіс көлемі 160 – 165 мың гектар. Оның ішінде 46-47 пайызын күріш, 55 – 58 пайызын мал азығы, 22-25 пайызын картоп, көкөніс, бақша дақылдары, 8,5 пайызын бидай, арпа, жүгері, тары және 1-2 пайызын майлы дақылдар көлемі құрайды. Егіншілік мәдениеті суармалы жүйеге негізделген өңірдің басты су көзі – Сырдария өзені. Осыдан екі жыл бұрын жаз айларында дарияның ернеуі төмендеп, судың азаюы Жаңақорған, Шиелі аудандарына қиындық әкелді. Ал өткен жылы Елбасының тікелей бастамасымен салынған «Көксарай» су реттегішінің толық іске қосылуының арқасында Сыр өңірі су тапшылығын сезінген жоқ. Мамандардың пікірінше, Сырдария өзені бассейнінде әр бес жылдың үш жылында су тапшылығы қайталанып отырады. Бұл әрине, егіс орналастырудың өзгеріп отыруына тікелей ықпал етеді. Айталық, су тапшы болған 1999 жылы (су лимиті 3434 млн. м3) облыс бойынша егіс көлемі 135,3 мың гектарды құрап, оның ішінде күріш егісі 58,1 мың гектар болса, онан кейін 2002-2003 жылдардағы су тапшылығында күріштің көлемі 51 мың гектарға дейін азайып кетті. Ал соңғы жылдары, әсіресе Көксарай су реттегіші пайдалануға берілгеннен кейін, су құлағын реттеп отыруға үлкен мүмкіндік туып, егіс көлемдері бір деңгейге түсе бастады. Сәтін салса, биыл диқанның дала қосы берекетті болуы тиіс. Өйткені, 1995 жылдан кейін ең көп көлемде су лимиті бөлініп отыр. Облыстық статистика департаментінің дерегі бойынша 2012 жылы аймақта 283,7 мың тонна күріш (таза салмақпен), 2,7 мың тонна бидай, 500 тонна арпа, 1,7 мың тонна тары, 2,2 мың тонна дән жүгері, 674,5 тонна мақсары, 254,2 тонна күнбағыс, 125,4 мың тонна картоп, 105,7 мың тонна көкөніс, 147,7 мың тонна бақша дақылдары жиналған. Сондай-ақ, 6,9 мың тонна сүрлемдік жүгері, 107,2 мың тонна жоңышқа шөбі шаруа қорына түскен. Қазірде облыс бойынша лицензияланған бес астық қабылдау кәсіпорыны бар. Олардың жалпы сыйымдылығы 188,5 мың тонна. Күріш өңдейтін, жылдық қуаттылығы 507,6 мың тонналық он үш кәсіпорын жұмыс жасайды. Бұл облыста өндірілген барлық күріш салысын өңдеуге толық мүмкіндік береді. – Облыста машина трактор паркі тұрақты жаңалануда. Мәселен өткен жылы шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-нан 99 дана ауыл шаруашылығы техникаларын лизингілік негізде алса, өз қаржылары есебінен 57 дана жаңа техника сатып алды. Бұл дегеніңіз, шаруаның еңбегін еселейтін ең басты күш. Жаңа техникаға қолжетімділікті арттыруға биылғы жылы да шаруалар ықыластанып отыр. Демек Сырдың егін шаруашылығында жақсы серпіліс бар, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Шәкірбай Оралбеков. Басқарма мамандарының айтуынша, елімізде «Қазақстанның су ресурстарын басқару» жобасы бекітуге әзірленуде. Осы бағдарлама аясында облыста суды үнемді пайдалану мәселелері қамтылған. Мысалы, Сырдарияның Қараөзек арнасын қалпына келтіру, Келінтөбе, Жаңашиелі каналдарының сағасы тұсынан Сырдария өзені арнасына үрлемелі су тоспаларын салу, «Сол жаға» магистральды каналына күрделі жөндеу жүргізу сынды ауыл шаруашылығы үшін маңызды мәселелер қаралған. Айту керек, бұл өңірдің агрокешені үшін өте қажетті шаралар. Өйткені, сумен қамтамасыз ететін каналдар, жерасты суының деңгейін бір қалыпты ұстауға арналған қашыртқы-дренаждық, тік дренажды жүйелердің пайдалануға берілген уақытына 44 жылдан асып, оларға соңғы 24 жылдың ішінде дұрыс жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Бұл ретте ірі шаруашылықтардың бөлінуі, қаржылық жағдайы төмен ұсақ ұжымдардың көбеюі су мен қашыртқы-дренаж жүйелерінің тұрақты жұмыс істемеуінен егістік тозып, гидротехникалық құрылыстар егесіз қалып не болмаса қолды болып кетуі егіндік алқаптардың құнарсыздануы мен тұздану процессінің жеделдеуіне тікелей әсерін тигізді. Осының салдарынан көптеген егіс танаптары айналымнан шығып қалды. Өз кезегінде өңірдің басты дақылы-күріш егісінің көлемі қысқарды. “Бүгінде су және қашыртқы жүйелерінің тұрақты жұмыс істемеуінен 179,2 мың гектар инженерлік жүйеге келтірілген жердің 35,7 мың гектары айналымнан шығып отыр. Сондықтан, суармалы жерде суды тиімді пайдаланудың, топырақ құнарлығын арттырудың, ол жердің өнімділігін көтерудің басты талабы – егіс алқабының тегіс және су жүйелері мен қашыртқылардың қалыпты жұмыс істеуі болып табылады”, – дегенді алға тартады сала мамандары. Ауыл шаруашылығы, оның ішінде егіншілік кәсібі қашанда оңайлықпен несібе берген емес. Кейінгі жылдары Елбасының қолдауымен мемлекет тарапынан Арал аймағында қалыптасқан экологиялық проб­лемаларды, әсіресе су тапшылығы проблемасын шешу жөнінде ауқымды шаралардың қабылдануы жақсы нәтижелерге мұрындық болып отыр. Мамандардың айтуынша, облыста 2004 жылы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен бірлескен «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» жобасы 1-кезеңі іске асырылған болатын. Онда 1034 га суармалы жер мен ирригациялық және дренаждық жүйелер қалпына келтірілген. Қазіргі уақытта бұл алқаптарға егілген дақылдардың өнімділігі 10-15 пайызға артып отыр. Бүгінгі күні Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Халықаралық қайта құру және даму Банкімен бірлескен осы жобаның 2-кезеңінің техника-экономикалық негіздемесі дайындалып, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен жобаның оң қорытындысы алынды. Жоба бойынша біздің облыстан 30 мың гектар егіс алқабын қайта қалпына келтіру қамтылған. Жоба іске асқан кезде Сырдария өзенінің 0,35-0,40 млрд. текшеметр суы үнемделеді. Бағдарлама бойынша «Сол жаға» магистральды каналын қайта жаңғырту жобасы бойынша І, ІІ кезеңіне барлығы 7074,694 мың теңге қаржы бөлінген. 2012 жылға – 300 млн. теңге қаралса, биыл 500 млн. теңге бөлінеді деп күтілуде. Қазіргі күні канал апатты жағдайда, оның бойындағы гидротехникалық құрылыстар сын көтермейді. Сондықтан бөлінетін қаржыны 2015 жылға дейін шешу керек. Мамандар мынадай мәселені де қаперге салады. Күріш мелиоративтік дақыл болғандықтан оның көлемін су тапшылығы болған жылдардың өзінде 72,8 мың гектардан төмендетуге болмайды. Себебі инженерлік жүйе бойынша тегістелген жерлердің тұздылығының күрт жоғарылауына соқтырады. Мемлекет ауыл шаруашылығын қолдауға аянып отырған жоқ. Мәселен, егіншілік саласында 2012 жылы 2510,1 млн. теңге субсидиялық қаржы игерілсе, биылғы жылы 3067,5 млн. теңге қаралды немесе өткен жылмен салыстырғанда 500 млн. теңге артық. Ал, 2014 жылы «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша бұл қаржының көлемі 5612,5 млн. теңгеге жетпекші. Сондықтан, мемлекеттің қаржылай қолдауын ұқыпты пайдалануға барынша ден қойып, асыраушы саланы аяғынан тұрғызу керек. – Ауыл шаруашылығын дамытудың екі жүйесі бар, дейді ендігі сөзінде басқарманың бөлім басшысы – Біріншісі экстенсивтік. Яғни, өнім көлемін егіс көлемін ұлғайту арқылы өсіру, екіншісі – интинсивтік. Бұл өнім көлемін жаңа технологиялар пайдалану, жер құнарлығын арттыру, жаңа өнімді сорттар егу және басқа шараларды қолдану арқылы өсіру деген сөз. Ал бізде, әзірге ауыл шаруашылығын дамыту бүкіл еліміздегідей экстенсивтік жолмен дамуда. Әлем елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, интенсивтік жол барынша келешегі бар жол болып отыр. Демек, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың негізгі басымдықтарына қол жеткізу үшін барлық инновациялық технологияларды өндіріске тарту басты қажеттілік болып саналады. Сонымен биыл Сыр диқандары барлығы 159,9 мың гектарға егiс екті. Оның ішінде дәндi дақылдар 79,8 мың, мал азығындық дақылдар 55,6 мың, картоп, көкөнiс, бақша 22,6 мың, майлы және техникалық дақылдар 1,9 мың гектар. Өткен жылға қарағанда, күріштің көлемі 1,4 мың гектарға азайған, есесіне мал азығындық дақылдар 5 мың гектарға ұлғайып отыр. Күріш егісіне қажетті тұқым толығымен себу кондициясына жеткізіліп егілген. Минералдық тыңайтқышқа деген сұраныс облыс бойынша 50,5 мың тонна болса, оның ішінде азотты тыңайтқыш 40,9 мың тонна, фосфорлысы 9,6 мың тоннаны құрайды. Осыдан қазірде өңір шаруашылықтары 31,6 мың тонна аммоний сульфаты, 3138 тонна карбамид, 3437 тонна аммофос, 386 тонна аммиак селитрасы, 946 тонна фосфорит ұны, 339 тонна суперфосфат және 135 тонна нит­роаммофос тыңайтқыштарын алған. Ал осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егіп, күтіп баптау жұмыстарын уақтылы жүргізуге 16 мың тонна дизель отыны, 3,2 мың тонна бензин және 950 тонна қою май қажет болса, шаруашылықтар дизель отынының 91,2 пайызын, бензин және қою майды толық дайындап отыр. Бүгінде Шардара су қоймасынан төменгі ағысқа 150 текше метр, Көксарай су реттегішінен 450 текше метр барлығы Қызылорда облысы шегіне секундына орташа 600 текше метр су келуде. Диқандар осы жылы егілген 74 мың гектар күрішті толық суға бастырып үлгерді. Көктемнен қара күзге дейін бел суытпайтын еңбекқор қауым қазірде жоңышқа дақылының бірінші орымына кірісіп кетті. Әрине, ауылдың оның тіршілік-тынысы­ның келелі мәселесі аз емес. Бұған дейін облыс әкімінің ауылдық елді мекендерде халықпен кездесулерінде бірқатар күрделі мәселелер айтылған болатын. Осы ретте аймақ басшысы аудан әкімдері мен тиісті басқарма басшыларына бірқатар шаруашылықтардағы түйінді мәселелерді тарқату жайында тапсырма берді. Нәтижесінде Ақжар, А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин ауылдарына «Даму Агро Қызылорда» корпартивтік қорынан 10 млн. теңгеден, «Түгіскен ТШ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20 млн. теңге қаржылай көмек көрсетілді. Осы ауылдарға Сырдария ауданы «Мағжан және К» тұқым шаруашылығы тарапынан 360 тонна тұқымдық күріш бөлінді. Сондай-ақ көктемгі дала жұмыстарын өткізуге қажетті дизель отынымен қамтамасыз етуде оператор «НефтетрансҚызылорда» ЖШС-гі 389 тонна жанармай, минералдық тыңайтқыштар жеткізуде «Агрохимсервис-С» ЖШС-гі 2034 тонна тыңайтқыш бөліп, көмектерін көрсетті. Сонымен қатар, Ақжар ауылынан 14 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері бірігіп, «Несібе – А» несие серіктестігі ұйымдастырылды. Мақсат – ірі қара мал шаруашылығын дамыту әрі төрт түліктің азық қорын дайындауды несиелендіру болып табылды.   Қуат Шарабидинов. Қызылорда облысы

Серіктес жаңалықтары