«KAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ АШЫЛАДЫ

«KAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ АШЫЛАДЫ

«KAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ АШЫЛАДЫ
ашық дереккөзі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2012 жылы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» жолдауында Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі мен Мәдениет және Ақпарат министрлігіне бірлесіп мамандандырылған спорт арнасын ашу туралы тапсырма берген болатын.

«Бұл арна «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына енеді. Еліміздің барлық аймақтарынан тікелей эфирде хабар таратуға мүмкіндігі бар корпорация құрамындағы «KAZsport» телеарнасын жерсеріктік және кабельдік жүйеде хабар тарататын операторлар арқылы көруге болады», – дейді «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы.

«KAZsport» спорт телеар­на­сының шығармашылық ұжымында өз ісінің білікті мамандары қызмет атқарады. Олардың арасында, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы жүлденің иегерлері де бар.

Қазақстандық жанкүйерлер Ұлттық құрама командалар қатысатын құрлықтық және әлемдік деңгейдегі жарыстарды, ел біріншіліктерін тікелей көре алады. Атап айтсақ: велоспорттан Тур де Франс пен Вуэльта көпкүндіктері, су спорты түрлері, жеңіл атлетика, дзюдо, көркем гимнастика, каратэ шито-рю, грек-рим және еркін күрес, ауыр атлетика мен шаңғы спортынан Әлем чемпионатын, волейболдан әйелдер арасында Әлемдік гран-при кезеңдік ойындарын, Неміс бундеслигасын, Қазан қаласында өтететін жазғы Универсиада ойындарын, тенистен Wimbledon турнирін, волейбол, ауыр атлетика мен велоспорттан Азия біріншіліктерінен трансляция ұйымдастырылады.

Тәулігіне 20 сағат хабар тарататын арнаның бағдарлама кестесінен Футболдан Қазақстан премьер-лигасы мен Ұлттық құрама кездесулері, спорт түрлерінен ел чемпионаттары мен кубок ойындарын да табуға болады.

«Түркістан-ақпарат»