ТӨРЕТАМДА – ЖАҢА ЕМХАНА

ТӨРЕТАМДА – ЖАҢА ЕМХАНА

ТӨРЕТАМДА – ЖАҢА ЕМХАНА
ашық дереккөзі

Уақыт талабына сай бой көтерген медициналық орында 13 дәрігер, 61 медбике қызмет көрсе­теді. Яғни, 10 мыңның үстінде халық қоныстанған кент үшін бұл өте қажетті әлеуметтік нысан. Сондай-ақ, Төретамға іргелес  4 мыңнан астам тұрғыны бар Ақай ауылының халқы да енді осы медициналық орта­лық­тың қызметін пайда­ла­натын болады. 

Меди­ци­налық ны­сан озық үлгідегі құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Флюро­графиялық рентген аппараты, ультрадыбыстық терапия аппа­раты, бір каналды электро­кар­диография сынды құрылғылар халықтың денсаулығы үшін қызмет көрсетпек. Айта кетейік, биыл осы емханадан бөлек рес­­­публикалық бюджет қаржы­сы­ есебінен Төретам кен­тінде 600 орын­дық мектеп пен 280 орындық бала­бақша құрылысы да бой көтеріп, кент хал­қының игі­лігіне аспақ. 

Емхананың ашылуында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасы­ның қолдауымен мемле­кеттік бағдар­ла­малар ая­сын­да денсаулық сақтау саласына үлкен қолдау жасалып отырғанын атап өтті. Бұл ретте Ұлы Отан соғысы­ның ардагері Жұматай Мұстафаев алғысын білдірсе, Байқоңыр қаласы басшы­сының міндетін атқарушы Ана­толий Петренко да тілектестігін жеткізді.


Қызылорда облысы