Біздің Мақсат – жеңімпаз!

Біздің Мақсат – жеңімпаз!

Біздің Мақсат – жеңімпаз!
ашық дереккөзі

Фото – тылсымы мен құпиясы мол өнер. Бұл бәзбіреулер ойлайтындай соншалықты оңай шаруа емес. Оған бар махаббатыңды, ішкі жан-дүниеңді салғанда ғана нағыз өнер туындайды. Фотоөнерін мейлінше жетік меңгеріп, небір көркем образдарды дүниеге әкелу сондай жанның қолынан ғана келеді.

Биыл – «Экологиялық мәдениет және Қоршаған ортаны қорғау» жылы. Осыған орай, «Қазгидромет» РМК бастамасымен 5 маусымда «Табиғат – тал бесік» атты фотокөрме байқауы бастау алған болатын. Мұндағы мақсат – еліміздің табиғатын сан түрлі қырынан танытып, сұлулығын, құбылмалы климаттық мінезін, асқар ала таулары мен ну ормандарын, көлдері мен шөлдерін, табиғи қорықтарын, сол табиғатты мекендейтін аңдары мен құстарын, қоршаған ортаны суреттеудің жетік тәсілі – фотообъектив арқылы жалпақ жұртқа паш ету. Екі ай уақыт берілген байқауға қатысуға ниет білдірушілердің жас ерекшелігіне шектеу қойылмады. Кәсіпқой, әуесқой 10 жастан 65 жасқа дейінгі азаматтар бағын сынап көрді. Нәтижесінде еліміздің барлық өңірінен 912 сурет келіп түссе, оның 80-і іріктеліп алынды. Жеңімпаздар интернет-дауыс беру арқылы анықталды.
Фотоөнер саласына еңбегі сіңген белгілі фотографтар мен «Қазгидромет» мекемесінен құралған қазылар алқасының шешімі бо­йынша, «Түркістан» газетінің фототілшісі Мақсат Құсайынов 461 дауыс­пен 1-орынды жеңіп алды. Әріптесімізді жүлделі орнымен құттықтап, фотоөнер саласына өлшеусіз үлес қосқан ағаларының ізін жалғай беруіне тілектеспіз!

«Түркістандықтар»