Қазақстан азаматын кім өлтірді?

Қазақстан азаматын кім өлтірді?

Қазақстан азаматын кім өлтірді?
ашық дереккөзі

“Түркістан” газетінің сайты жақында Мәскеуде айуандылықпен өлтірілген қазақстандық туралы мақала жариялаған еді. ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Жанболат Үсенов Қазақстан тарапынан осы оқиғаға орай жан-жақты тергеу жұмыстарын жүргізуді өтінген нота жолданғанын мәлімдеген. 

“Ресей Федерациясындағы Қазақстан елшілігі осы елдің СІМ-іне ресми нота жолдады. Онда Қазақстан тарапының аталған кісуі өлтіру фактісіне орай қатты алаңдаулы екендігі  және бұл істі жедел және обьективті түрде тергеуге жолдауын өтінген”,- деген Астанада өткізген бирифингінде Жанболат Үсенов.

Жанболат Үсеновтің айтуына қарағанда, ол қайтыс болған Нажапованың туған-туысқандарымен байланысқан, Сыртқы істер министрлігі оның денесін отанына әкелу тұрғысынан қолда бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көмектесетін болады. 

Естеріңізде болса, Қазақстан азаматшасының денесі қарашаның 24-інде Сосенка бағындағы Котловка өзенінен табылған. Алдын ала жасалған қорытынды  бойынша,  әлдекімдер Нажапованы зорлап, денесін бөлшектеп,  денесін өзенге лақтырған. “Кісі өлімі” статьясы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда күдіктілер әзірге нақтыланған жоқ. Тергеу ісі жүріп жатыр. Марқұмның соңында бес баласы қалды. 

“Түркістан-ақпарат”