Оймақтай ой!

Оймақтай ой!

Оймақтай ой!
ашық дереккөзі

 

Ғалым Боқаш:

Империялық дүниетаным


Жуырда бір ағам
Қытайға іссапармен барып, Пекиндегі жергілікті интеллигенция өкілдерімен
танысып қайтты. Елге орала салып маған айтқан әңгімесі:

“Бір нәрсеге таң қалдым. Қарапайым ғана қатардағы
продюсермен әңгімелесіп отырғанбыз. Гонконг туралы
сөз шығып кетті. Шыдай алмай былай деп сұрадым: “Гонконгты Қытай қайтарып
алса да, “бір ел, екі жүйе” саясатын жариялап кең автономия беріп
қойды. Тіпті батыстық сипатты көппартиялық саяси құрылымы да бөлек, сот жүйесі
де Пекиннен тәуелсіз. Компартияның бұл арнайы аймақты осыншама еркінсітуінің
себебі неде?” Сонда әлгі қытай әріптесім біраз ойланып барып:
“Саясаттан алыс адаммын ғой. Бірақ менің бір ұққан нәрсем – бізге
жан-жақтан жабылып жүріп, Гонконгты Қытайдың деңгейіне түсіруден гөрі, Қытайды
Гонконгтың деңгейіне жеткізу маңыздырақ сияқты” деді. Ал мен ішімнен:
“Әй, мына қытайдың менталитетінде большевизмнің табы да жоқ, сол бұрнағы
өз ортасына келіп сіңсе де, я өзін жаулап алса да, кез-келген озық династияны
жұтып алып, өзін жетілдіріп отыра беретін дәстүрлі империялық дүниетаным аңқып
тұр ғой” деп ойладым”.

Ағамның бұл
әңгімесінен соң менің ойыма Батыс Еуропаның қақ ортасында тұрғанымен аты да,
заты да Калининград болып қала берген бейшара Кенигсберг түсті.