Оймақтай ой: Путин империялық ұмтылыстарын тоқтатар емес

Оймақтай ой: Путин империялық ұмтылыстарын тоқтатар емес

Оймақтай ой: Путин империялық ұмтылыстарын тоқтатар емес
ашық дереккөзі
Aidos Sarym
 Путиннің халқына жасаған жолдауын мұқият оқып шықтым.

Ресейде білгенін істесін, бірақ имперлік ұмтылыстарын
тоқтатар емес.
Бір ғана мысал.
Путин келесі жылдан бастап ТМД елдеріндегі мәдени
орталықтарының санын арттырып, сол жерлерде ТМД елдерінің шәкірттерінен
ресейліктермен қатар ЕГЭ (біздегі ҰБТ сияқты) алу туралы тапсырма берді. Оның
ойынша геосаяси міндеттерге сай ТМД елдеріндегі талантты балаларды Ресейге әкеліп, білім бергізу керек.
Бұл не деген сөз?
Ең алдымен бұл сол елдердегі интеллектуалдық
потенциалды жұтату, талантты жастар мен озық ойлы азаматтарды (ұлтына
қарамастан) өзіне тартып алып кету деген сөз. Екіншіден, Ресейге мүдделі,
іші-бүйрегі бұрып тұратын элитаны тәрбиелеу, өсіру деген сөз.
Біздің билік бұған қарсы ештеңе істей алмас.
Министріміз Аслан Сәрінжіпов ұсынғандай ҰБТ-ны электронды түрде Ресейдегі қазақ
балалары үшін жасата алмас.
Олай болса, қазақ қоғамы Ресейдің мәдени-ақпараттық
ошақтарының көбеюіне наразылығын танытып, балаларының ЕГЭ-ге бармауына, Ресей
ЖОО-ларына түспеуіне ықпал етуі керек сияқты. Біздің елде ҰБТ-ның күші мен
пәрмені басым болуы қажет.
Егер еуропалық этностар орыс университеттеріне
түскісі келсе өзі білер, ал қазақ жастарын зерделі, беделді, адам өміріне қауіпсіз
әлемдік университеттерге түсуге ынталандыру дұрыс сияқты. Оның үстіне
балаларымызды орыс скинхедтеріне жем қылатындай баланы далаға тастап жатқанымыз жоқ.