Дәурен Қуат: "Қазайтыс" – отбасыма қауіп төндіре бастады

Дәурен Қуат: "Қазайтыс" – отбасыма қауіп төндіре бастады

Дәурен Қуат: "Қазайтыс" – отбасыма қауіп төндіре бастады
ашық дереккөзі
    Қадірлі, достар!     Мен Abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы – Дәурен Қуат сіздердің назарларыңызға мына бір жайтты жария еткенді жөн көрдім. Кеше менің жеке электронды поштама www.kazaitys.kz сайтының ресми веб-жәшігі eaitys@gmail.com адресінен қоқан-лоққы жасап баққан хат әм мақала келіп түсті. Мақала мен хатта маған, менің отбасыма, бала-шағама сес көрсеткен сөздер жазылған. Мақала авторы бәрін былай қойып менің құлындарым – қыздарым ертең зинақорлық жолға түседі дегендей адам аузы бармайтын тұспалдар жазыпты. Мен – өздерің білесіздер кәсіби журналистпін. Менің қол қойып, аты-жөнім көрсетілген кез-келген мақалаға байланысты сын айтуға, қарсы пікір жазуға әбден болады. Мұны баспасөз тілінде «пікір алысу» деп атаймыз. Ал, мына хат пен мақала жеке басыма соқтығу ғана емес, отбасыма ашық түрде қауіп тудыру болып табылады. Сондықтан мен құқық қорғау орындары мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне еріксіз хабарластым. Ертең шағымдануға мәжбүрмін. www.kazaitys.kz сайтының ресми веб-жәшігі сарапшылардың пікіріне сүйенсем, ешқандай шабуылға ұрынбаған, яғни аталған сайттың жұмыс істеп тұрған электронды поштасы. Хат пен мақаланың көшірмесі сақтаулы. Өз өмірім мен отбасымның алаңсыздығы үшін бұл жайтты ашық жария еттім.