Оймақтай ой! Алматының Алма Ата атауын қайтару керек деп жар салып жүрген ағайынға!

Оймақтай ой! Алматының Алма Ата атауын қайтару керек деп жар салып жүрген ағайынға!

Оймақтай ой! Алматының Алма Ата атауын қайтару керек деп жар салып жүрген ағайынға!
ашық дереккөзі
Серікзат Дүйсенғазы

Алматы, Мойынты, Өлеңті, Шідерті, Сілеті т.б. жер атаулары қазақтың ежелден
келе жатқан тарихи жер аттары. Қазақ елі Тәуелсіз мемлекет болып тұрғанда
оларды өзгертуге ешкімнің де құқы жоқ. Ал “Алма Ата” деген атауды
кейіннен қоныстанған орыстар берген. Бурабайды “Боровой” деген
сияқты. Енді ол заман өтті. Алматының тарихи атауына байланысты шешім баяғыда
қабылданған. Оны қопсытудың қажеті жоқ. Керісінше Павлодар мен
Петропавловскінің тарихи атауын қайтару керек деп есептеймін. Көрші Ресей де
Ленинград, Сталинград, т.б. қалаларының тарихи атауын қайтарып берді емес пе?
Қырғыздар да жетпіс жыл Фрунзе болып келген астанасына Бішкек деген тарихи
атауын қайтарды. Ендеше біздікі ертең ұят шаруа болмай ма? Орысша ойлайтын
қазақтарға айтарым осы.