ТҮЙТКІЛДЕРДІ ЖАҢАША ШЕШУ
ТҮЙТКІЛДЕРДІ ЖАҢАША ШЕШУ
Алматыда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ұйымдастыруымен, «Энергия, су және химия» III Халықаралық Инновациялық Мектебінің отырысы өтті. Отандық және шетелдік
индустриялық және инжинирингілік компаниялардың, университеттер мен ғылыми
орталықтардың өкілдері қатысқан Инновациялық мектеп жұмысының барысында шағын және
ірі ауқымдағы жаңартылмалы энергетика мен Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы
инновациялық химиялық кластерлер (химиялық парктер) және шетелдік тәжірибелерге
шолу жасады. Энергия және ресурсты сақтау технологияларының тәжірибесі мен
келешегіне ой жүгірткен мамандар қауымы су және су дайындау саласындағы инновациялық
технологиялардың бүгіні мен ертеңін саралады. Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»
АҚ инновациялық қызметі нәтижесінде жасалған зияткерлік меншікті қорғау, басқару
және коммерциализациялауға көңіл бөлді.
Бүгінгі жиында «Қазатомөнеркәсіп»
ҰАК» АҚ-ның «СМАРТ-кеніш – жаңа буынды уран кенішін жасау» деп аталатын ең ірі
де жаңа жобасы көпшілік талқысына ұсынылды. Қызу пікірталас, қызықты да тиімді ұсыныстар
айтылған Инновациялық мектеп жұмысына «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, оның еншілес
және бағынышты кәсіпорындардың жетекші мамандары және халықаралық ғылыми ортаға
кең танымал, энергия, химия және су салаларында бай тәжірибелері мен ғылыми
мектептері бар Ресей, Германия, АҚШ және Ұлыбританияның ғалымдары мен мамандары
қатысты.
Шараны ұйымдастыруға мұрындық болған
«Жоғары технологиялар институты»
ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) –
2002 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы атом саласының инновациялық даму
міндеттерін шешу үшін салалық ғылыми институт ретінде құрылған. ЖТИ дайындық деңгейі
жоғары жаңа өнім түрлерін өндірудің технологияларын әзірлейді және уран саласын
дамытуды тиімді ғылыми алып жүрудің негізгі инфрақұрылымы болып табылады. ЖТИ құрылымы
ғылыми идеядан бастап әзірлемеге дейінгі және өнім өндіруден бастап түпкі өнім
алуға дейінгі бүкіл технологиялық тізбекті өндіріске енгізуді көздейтін толық
циклдағы жұмыстар жүргізілетін кластер құраушы ретінде қалыптасқан. Сонымен,
ертең бұл шара дөңгелек үстел ретінде жалғасын табады.
Нұрахмет
Қуат