Пастор неге шартты түрде сотталды?

Пастор неге шартты түрде сотталды?

Пастор неге шартты түрде сотталды?
ашық дереккөзі

 

Астанада өткен пастор Қашқымбаевқа қатысты сот
процесі де мәресіне жетті. Бұған дейінгі отырыстарда жастардың санасын улап
жүрген пасторды жақтап келген бірқатар халықаралық құқық қорғау ұйымдарының
әрекетінен де түк шықпады. Кеше
Астана қаласы Алматы аудандық
2-соты “Благодать” шіркеуінің пасторын төрт жылға шартты түрде бас
бостандығынан айырды.

2013 жылдың мамырынан бері қамауда отырған
Бақытжан Қашқымбаевқа “шіркеуге келген әйелдің денсаулығына қасақана залал
келтірді” деген айып тағылған болатын. 
Бұдан бөлек “шіркеуге келген әйелдердің бірінің психикасына гипноз
арқылы залал келтірді және құлшылық ету кезінде галлюциногендік сусындар
қолданды” деген және 
“экстремизм” бабы бойынша да кінәсі анықталған.

  «Тұтқындау түріндегі бұлтартпау
шарасы ешқайда кетпеу және тиісті тәртіпті сақтау туралы қолхатпен ауыстырылды.
Айыпталушыдан жәбірленуші тарап өкілінің пайдасына екі миллион теңге көлемінде
моральдық шығын өндірілді”, – дейді сот өкілдері. Қашқымбаев төрт жылға
шартты түрде бас бостандығынан айырылды, оның үш жылы – сынақ мерзімі.Мемлекеттік айыптаушының өтініші
бойынша сот айыптаудан “Терроризмді немесе экстремизмді насихаттау не
көпшілікті терроризм актісін жасауға немесе экстремизмге шақыру” бабын
алып тастады.

Еске сала кетейік, 67 жастағы пастор өткен жылдың мамыр айында ұсталған
болатын. Астананың 34 жастағы тұрғыны Ләззат Әлменова оның шіркеуіне ұзақ уақыт
барғаннан кейін ауруханаға түсіп, оған “параноидты шизофрения”
диагнозы қойылды, мұндай ауруға ұшырағандардың өз-өзіне қол салуы мүмкін.
Алайда, Қашқынбаев  соттағы соңғы сөзінде
өзіне тағылған айыптарды мойындамай, өзіне қарсы сотты “қолдан жасалған
процесс” деп атаған. Ол сондай-ақ шіркеуде жәбірленушінің денсаулығына
ешқандай нұқсан келгенін мойындамады. Дегенмен, Қашқынбаевтың осыншама айыбы
болса да, шартты түрде 4 жылға сотталғаны түсініксіз.

Динара Дүрмән