Оймақтай ой! Путин әлі біраз жерден дәмелі екендігін танытты

Серік Әбікен

1.Путин Қытайға арқа сүйейтінін анық айтты: Ресей -Қытай қарым-қатынасы әлемге әсер етеді деді. АҚШ пен БҰҰ сол айдаһардан сескеніп отыр ма деген ой туды. 
2.Путин қылмысын мойындады. Қырымда референдум кезінде РФ әскері болыпты. Демек тәуелсіз мемлекетке басқыншылық жасаған. Ол кезде Қырым Украина құрамында еді
3. Путин тағы біраз жерлерден дәмелі екенін байқатты. Украинаның оңтүстік-шығысы мен Днестр жағалауына көз тігіп отыр. “Халықтың демократиялық таңдауын құрметтеуіміз керек”-дейді)) Молдова зар еңіреуі мүмкін. 
4. Қан төкпек пейілінен әлі айнымапты. ФК әскер қолдануға рұқсат бергенін тағы еске салды. 
5. “бауырым!” деп бауырына кіргендерді өз амбициясы жолында бауыздай салуға тайынбайтын дертке ұшырағанын дәлелдеді. “Бауырлары” ойланатын шығар?

Back to top button