Астанада өткен құрылтайдан кейін Қазақстан Блогерлер альянсы (ҚБА) құрылды. Ұйымның басты мақсаты, міндеті, құрамындағы мүшелері мен қаржыландыру көздері туралы ҚБА вице-президенті Аршат Оразовпен сұхбаттасқан едік.
– Аршат, Блогерлер альянсын құрудағы басты мақсат не? Дəл қазір мұндай альянстың қажеті қаншалықты еді?
– Альянстың басты мақсаттарының бірі – блогерлер арқылы қоғамда дұрыс пікір қалыптастыру, түрлі арандатулардың алдын алу, ақпараттық қауіпсіздік саласында өзіндік үлес қосу. Қазіргі ақпараттық соғыс заманында бұл дұрыс нәрсе деп ойлаймын.
– Альянс мүшелері блогерлер және әлеуметтік желілерде көп оқылатын авторлардан құралған. Сондай-ақ альянстың ақылдастар алқасы бар, ол жерде танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері, депутаттар, партия өкілдері бар.
– Кейбіреулер: «Альянсты билік құрды. Сөз бостандығы мен пікір алуандығы одан сайын тұншығады»,– дейді. Сіздің пікіріңіз қандай?