Қазақстанның бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Эр-Рияд қаласында (Сауд Арабиясы) WTA қорытынды турнирінде үздік шықты.
Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін жеңімпазы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салды.
Бірінші партияда есеп 3:2 болған мезетте Рыбакина брейк жасап, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.
Тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Рыбакина бет қаратпады – 7:6 (7:0).
Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина алғаш рет WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанды