КӨРСЕТКІШТЕР КӨҢІЛ КӨНШІТЕ МЕ?
КӨРСЕТКІШТЕР КӨҢІЛ КӨНШІТЕ МЕ?
2014 жылғы қазанда күнкөрістің ең
төменгі деңгейінің шамасы 20 395 теңгені құрады деп хабарлайды ҚР ҰЭМ
Статистика комитетінің баспасөз қызметі.
Негізгі
тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен
халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2014
жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда 0,4%-ға, 2013 жылғы қазанмен
салыстырғанда 9,4%-ға өскенд3г3 аны0талып отыр.
Оның ішінде ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 20,7%,
сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 15,1%, жемістер мен
көкөністерді – 15%, нан және жарма өнімдерін – 7,2%, қант, шай және
дәмдеуіштерді – 2%-ды құрады. Ал тағы
бір статистикалық мәліметке сүйенсек, елімізде бір жылда азық-түлік бағасы 7,7%-ға қымбаттаған. 2014 жылғы
қазанда азық-түлік тауарларының бағасы 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда
7,7%-ға өскен.
2014 жылғы қазанда 2013 жылғы тиісті аймен салыстырғанда
баға қантқа 15,4%, ұнға – 14,4%, сүт өнімдеріне – 11,5%, балық және теңіз
өнімдеріне – 9,7%, кофе, шай және какаоға – 9,4%, тоқаш және ұн өнімдеріне –
8,8%, кондитерлік өнімдерге, алкогольді ішімдіктерге – 8,7%-дан, макарон
өнімдеріне – 7,8%-ға, жемістер мен көкөністерге – 7,5%, нанға – 6,4%, май және
тоң майға – 1,4%-ға өскендігін мәлімдейді баспасөз қызметі.
Аталған кезеңде ет
және ет өнімдері бағасының өсімі 5,1% құраса, құс етіне баға деңгейі 19,2%,
шұжық өнімдеріне – 11,3%, шошқа етіне – 5,4%, жылқы етіне – 2,2%, қой етіне –
0,7%, сиыр етіне – 0,2%-ға жоғары болғандығы да анықталып отыр.
Әдетте, азық-түліктің қымбаттауы халықтың әлеуетінің
артқандығын білдірмесе керек-ті. Жыл сайын жалақыға қосылған тиын-тебеннің арты
азық-түліктің күрт қымбаттауына әкеледі. Бұл үдеріс ақшаның құнсыздануына ықпал етпек.
Еркежан
ЖҰМАТАЙ