БАЛАСЫЗ ҮЙДЕН БАҚ КЕТЕР

БАЛАСЫЗ ҮЙДЕН БАҚ КЕТЕР

БАЛАСЫЗ ҮЙДЕН БАҚ КЕТЕР
ашық дереккөзі
297

Елімізде жыл сайын мыңдаған отбасы әртүрлі жағдайға байланысты ата-ана құқығынан айрылуға міндеттелуде. Бұл туралы «Қазақстан Республикасында балаларға қамқор әділ сот қалыптастыру» халықаралық конференциясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова ханым: «Бүгінде республикамызда 20 мың баланың 13 мыңнан астамы жағдайы төмен отбасында тұрады. Жыл сайын мыңға жуық ата-ана балаларына деген өз құқықтарынан айрылуда. Бұл күрделі жағдай мемлекет пен қоғам тарапынан жүйелі шара қолдануды талап етеді», ̶ деп атап өткен еді. Сондай-ақ, премьер-министр орынбасары, Қазақстанда қиын жағдайға тап болған, девиантты мінез-құлықты, құқық бұзған, қылмыс жасаған кәмелет жасына толмаған балалардың бар екендігін, осыған байланысты, мемлекеттік органдар азаматтық қоғам институттарымен бірлесе отырып, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түрлі шаралар өткізіп жатқандығын да жеткізді. «Қазақстанның мемлекеттік әлеуметтік-құқықтық саясатының ең маңызды бағыттарының бірі заң алдында айыпты болып қалған балалардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау. Мемлекет басшысының шешімімен ювеналды әділет жүйесі құрылды. Бұған дейін атап өткеніміздей, республиканың барлық 16 аймағында ювеналды сот жұмыс істейді», – деді Г.Әбдіқалықова. Ресми деректерге сүйенсек, елімізде қазiргi уақытта жетiм және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала саны 33 680-ге жеткен. Оңтүстiкте 3080 бала тiркелгенсе, оның 2275-i қорғаншылық және қамқоршылық, 321-i патронаттық, 484-i арнайы мекемелерде тәрбиеленуде. Көп балалы отбасылардың қатардан қалуына әлеуметтік жағдайдың төмендігі себепші болып отыр. Мемлекет тарапынан берілетін көмек, яғни балаларға арналған жәрдемақы – әрбір балаға 1,05 айлық есептік көрсеткіш бойынша беріледі. Ата-ананың қосымша табысынсыз көп балалы отбасына берілетін көмекпен бір баланың өзін толық қамтамасыз ету мүмкін емес. Осыдан келіп, тұрмыстық жағдайдың төмендеунен қарадомалақтардың ата-аналарынан жырақта тәрбиеленуіне тура келеді. Бұл қатарда өзектілік танытып отырған тағы бір мәселе, ішімдікке, маскүнемдікке салынғандардың да саны күн санап артып, өз перзентін «тірі жетім» еткен безбүйрек ата-аналардың жауапкершілікті сезінбеуі қоғамдық дертке ұласуда.

Еркежан ЖҰМАТАЙ

Серіктес жаңалықтары