Алматыда менингит жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ

Алматыда менингит жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ

Алматыда менингит жұқтырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ
ашық дереккөзі
Алматыда қазір сегіз науқас менингококк инфекциясымен ауруханада жатыр. Олар жазылып келе жатыр, деп мәлімдеді қалалық денсаулық сақтау басқармасы. Науқастармен байланыста болған 3 148 адам тексерілді. Олардың барлығына алдын ала сақтандыру емі жасалған. "Жансақтау бөлімінде науқас қалмады" делінген мекеме мәлімдемесінде. Басқарма ақпаратына қарағанда, сегіз күн бойы Алматыда менингококк инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелмеген. Жыл басынан бері Қазақстанда менингит жұқтырған 60 адам тіркелді. Олардың 13-і көз жұмды. Алматы мен Алматы облысында 10 адам, Оңтүстік Қазақстанда - екі, Қызылордада бір адам менингиттен қайтыс болды.