Атырауда сарбаз туберкулездi менингиттен көз жұмды

Атырауда сарбаз туберкулездi менингиттен көз жұмды

Атырауда сарбаз туберкулездi менингиттен көз жұмды
ашық дереккөзі
Атырауда сарбаз туберкулездi менингиттен көз жұмды. Әскери қызметкердiң жарты жыл бойы ауырып, түрлi қалаларда емделгенi анықталды, деп хабарлайды «Мой ГОРОД» порталы. Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәлiметiнше, әскери қызметкер 5 мамыр күнi облыстық ауруханаға ауыр халде түскен. «Зертханалық зерттеулер нәтижесiнде туберкулез iндетi расталған. Пациент облыстық Туберкулезге қарсы күрес диспансерiне ауыстырылып арнайы ем қабылдаған. Сарбаздың дертi өте ауыр болып, жылдам асқынған. Нәтижесiнде ауру туберкулездi менингитке әкелген. Мәлiметке сай, әскери қызметкер жарты жыл бойы ауырып, түрлi қалаларда емделген», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы. Қазiргi таңда Денсаулық сақтау басқармасы қызметтiк тергеу жүргiзiп жатыр. Тергеу барысында туберкулездiң асқынуының нақты себебi анықталады. Сондай-ақ, Қоғамдық денсаулық сақтау департаментi мен Әскери прокуратураға жолдамалар жөнелтiлдi. Денсаулық сақтау басқармасының дерегiнше, әскери қызметкер менигококк менингитiнен қайтыс болмаған. Бұл зертханалық зерттеулердiң арқасында анықталған.