7 Маусым 2018, 02:41 605 0 Жаһан Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Дональд Трамп жайған дастарқан

АҚШ президенті Дональд Трамп кеше Ақ үйде алғашқы ауызашарын өткізді. Бір айта кетерлігі, Ақ үйде 20 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан ауызашар былтыр берілмеген еді. Ал биыл Трамп игі шараны жалғастыруға бел байлапты.

Ауызашар беру дәстүрін өз уақытында АҚШ президенттері Билл Клинтон, кіші Джордж Буш және Барак Обама қолдаған болатын. АҚШ-тың бұған дейінгі президенттері ауызашарға мұсылман елдерінің өкілдері, Америка қоғамның алдыңғы қатарлы діни басшыларын қонақ етті. Мәселен 2014 жылы Барак Обама ауызашарда Рамазан айының бөлісу, қайырымдылық және бейбіт ай екенін айта келе, пікірін Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) тәмсілімен жалғастырғанын күллі мұсылман қауымы ұмыта қойған жоқ.

Дәстүр бойынша ауызашарды АҚШ президенті мен елдің бірінші ханымы өткізді. АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі және әлемдегі барша мұсылманды Ораза айымен құттықтап, мұндай басқосудың маңызды екенін атап өтті. Осылайша, Ақ үйде әлемдегі 1,5 млрд мұсылманға құрмет көрсетілді. Ал бір ай бұрын Трамп барша мұсылманды қасиетті айдың басталуымен құттықтаған еді.

 

 

Соңғы жаңалықтар