Әкімнің орынбасары тұтқындалды

Әкімнің орынбасары тұтқындалды

Әкімнің орынбасары тұтқындалды
ашық дереккөзі

Қостанай қаласы әкімінің орынбасары екі айға тұтқындалды. Қала әкімінің орынбасары Фрунзик Аракелянды тұтқындау туралы санкцияны Қостанайдың 2-қалалық соты берді.

Фрунзик Аракелянға қаладағы өзі басшылық еткен тұрғын үй шаруашылығы саласына қатысты қызмет бабын асыра пайдаланған және 300 мың теңге пара алған деген айып тағылуда. Осындай күдікпен ұсталған әкімнің орынбасарын тергеушілер екі айға қамауға алуды сұраған болатын. Ал қалалық сот Аракелянмен қатар Қостанай қаласының тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің басшысын да қамауға алу туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, 1 тамыз күні Қостанай қаласы әкімінің тағы бір орынбасары Мақсұт Қалиев те екі айға қамауға алынған. Мақсұт Қалиев қаладағы құрылыс тендеріне қатысқан ЖШС директорынан 13 миллион теңге пара алған деген күдікпен қолға түсті.