«ERASMUS» жобасының үйлестірушісі – ҚазҰУ

«ERASMUS» жобасының үйлестірушісі – ҚазҰУ

«ERASMUS» жобасының үйлестірушісі – ҚазҰУ
ашық дереккөзі
346
Жылдар жылжыған сайын мемлекеттің әлеуеті шикізат ресурстарынан гөрі ғылым мен білімге тәуелділігі айқындала бастады. Саналы тәрбие мен сапалы білімді шамшырақ қылған білімнің қарашаңырағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де дамыған елдердің озық білім ордаларымен иық тірестіріп, ғылым жолында көш бастап келеді. Оның айқын дәлелі – университеттің ғылыми-технологиялық жетістіктері. Бүгінгі жас маман болғанымен, ертеңгі зиялы қауым қатарын қалыптастыруды көздейтін орталық аз уақыт ішінде елеулі табыстарға қол жеткізіп үлгерді. Жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу еңбектері мен тәжірибелік ізденістері іс жүзінде жүзеге асып, қазақ ғылымының дамуына келелі үлес қосып жатқанын бүгінде ешкім жоққа шығара алмас. Нақтырақ айтсақ, Қазақ ұлттық университеті көздеген мақсаттарға жету үшін бірқатар маңызды халықаралық жобаларға қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Оның бірі «Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім беру мен корпоративтік секторларды ықпалдастыруды жақсарту – ENINEDU»  атты  «ERASMUS» жобасы өзектілігі бойынша ерекшеленді. Бұл Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы. Сондай-ақ, «ERASMUS» бағдарламасы азаматтардың қабілетін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами капиталға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2016 жылдың қазан айынан бері «ERASMUS» жобасының үйлестірушісі болып табылады. Жобаның серіктестері ретінде – Сантьяго-де-Компостела университеті (Испания), Афиналық экономика және бизнес университеті (Грекия), София Антиполис – Ницца университеті (Франция), Батыс Венгрия университеті (Венгрия). Сонымен қатар Ресей Федерациясынан серіктестер – Ресей халықтар достығы университеті, Самара мемлекеттік экономикалық университеті, И.С. Тургенев атындағы Орел мемлекеттік университеті. Ал Қазақстандағы серіктестер – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (Алматы қ.) мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (Астана қ.) болып табылады. Аталмыш жобаның шеңберінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларына 2017 жылдың қараша айында Батыс Венгрия университетінде (Мажарстан) және Сантьяго-де-Компостела  университетінде (Испания), желтоқсан айында София Антиполис – Ницца университетінде (Болгария) және де 2018 жылдың сәуір айында Афиналық экономика және бизнес университетінде (Грекия) жоғарыда аталған мәселелер бойынша бір рангтік оқыту жүргізілді. Негізінен, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қатысушы «ERASMUS» бағдарламасының басты мақсаты – Еуропа мен серіктес мемлекеттердегі ЖОО мен бизнес ортаның әріптестігінің бағдарламалары мен заманауи әдістерін дәріптеу, серіктестер арасындағы тәжірибе алмасу, кәсіпорындармен жұмыс жасайтын қызметкерлердің біліктілігін қалыптастыру, сол арқылы кәсіпкерліктің дамуына қолдау көрсетіп, ұзақ мерзімді уақыт аралығында Еуроодақ пен серіктес мемлекеттердегі адам капиталы мен кәсіпкерлік белсенділікті арттыру, олардың арасындағы тығыз қарым-қатынасты нығайтып, қоғамның дамуына үлес қосу. ЕО-ның тәжірибелік білім беру туралы заңнамасы әлемде алдыңғы қатарлы және осы мәселе бойынша серіктес елдердің заңнамалық базасында жемісті өзгерістерді жүзеге асырудың тамаша көрсеткіші болып табылады.  

Динара  Рахматуллаева,

PhD доктор, доцент м.а.

Еркін Назарбай,

ассистент, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ, экономика кафедрасы

Серіктес жаңалықтары