Пхеньян журналистердің келуіне рұқсат берді

Пхеньян журналистердің келуіне рұқсат берді

Пхеньян журналистердің келуіне рұқсат берді
ашық дереккөзі
Пхунгери ядролық полигонының жабылу шарасына Оңтүстік Кореядан бірнеше журналист келетін болды, деп хабарлайды 24.kz. Бүгін Солтүстік Корея ресми тізімді қабылдады, деп хабарлайды Рейтерс агенттігі. Осыған байланысты арнайы баспасөз конференция ұйымдастырылып, 8 журналистің есімі аталды. Айта кету керек, осыған дейін Пхунгери ядролық полигонының жабылуына бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында оңтүстіккореялықтар жоқ еді. Өйткені ресми Пхеньян Корея Республикасы жіберген тізімді бірнеше рет қабылдамады. Бұған Вашингтон мен Сеул арасындағы біріккен әскери оқу-жаттығу жұмыстары себеп болды. Еске сала кетейік, полигонның жабылуы мамырдың 23-25-і аралығында өтеді деп жоспарланған. Бұл шараға Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Оңтүстік Корея журналистері қатысады. Баик Тае-Хюн, ұлттық бірлестік министрлігі өкілі: - Корей Халық Демократиялық Республикасының шешімін қолдаймыз. Бұл полигонның жабылуына біздің журналистеріміздің қатысуы өте маңызды. Осы шара АҚШ пен Солтүстік Корея арасында саммит ұйымдастыруға септігін тигізеді деп үміттенеміз. Корей түбегін жойқын қарудан азат аймақ ету күні де алыс емес.