Бүгін Астанада «KADEX-2018» көрмесі ашылады

Бүгін Астанада «KADEX-2018» көрмесі ашылады

Бүгін Астанада «KADEX-2018» көрмесі ашылады
ашық дереккөзі
Бүгін Астанада «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі ашылады, деп хабарлайды Хабар 24. Оған Халықаралық қорғаныс министрліктері мен алыс-жақын шетелдік ірі кәсіпорын жетекшілері қатысады. Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Армения, Израиль, Италия, Моңғолия және тағы басқа елдердің 40-тан аса ресми өкілі көрмеге келетінін растады. 28 мемлекеттің 318 кәсіпорны өз өнімдерін ұсынады. «KADEX-2018» қонақтары қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының соңғы жетістіктерімен таныса алады. Сондай-ақ түрлі елдің ғылыми жаңалықтары да жалпақ жұрттың назарына ұсынылмақ. Сонымен қатар ашық алаңда құрлық, әуе және ұшқышсыз техника жұмысын қызықтауға болады. Айта кетейік, биылғы көрмеде 10 павильон жұмыс істейді.