Ата заңды жатқа білетіндер білім грантына ие болмақ
Ата заңды жатқа білетіндер білім грантына ие болмақ
Атырауда 30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай ерекше байқау жарияланды. Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті аймақ әкімдігімен бірлесіп «Конституция жаттау» байқауын ұйымдастырып отыр. Ата заңымызды жатқа білетіндер ерекше сыйлықтарға ие болмақ. Жеңімпаздарға ұсынылатын басты жүлде – білім гранттары. «Байқауға кез келген азамат қатыса алады. Жеңімпаздар Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Каспий маңы заманауи колледжінде, Атырау бизнес және құқық колледжінде, К. Дәуітбаева атындағы гуманитарлық колледжде білім алу гранттарына ие болады. Сондай-ақ, Қазақстан Конституциясын жақсы білетін үздіктер Махамбет атындағы Қазақ облыстық драма театрына, «Бейбарыс» хоккей клубының матчтарына маусымдық және «Мұнайшы» спорт кешеніндегі бассейнге барудың бір жылдық абонементі табысталады, – дейді ұйымдастырушылар.